
Қоғам • 03 Шілде, 2024
ШЫҰ: Жаңа белес, тың жобалар бастауы
«Шанхай бестігінің» негізінде құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының аясы уақыт өткен сайын кеңейіп, кейінгі жылдары мақсаттары мен міндеттері де толығып келе жатыр. Ал осы жолғы Астана саммитінің қорытындысымен ұйымның жұмысы әрі қарай жандана түсіп, күн тәртібіне тағы да қосымша міндеттер алғалы отыр.
Саясат • 02 Шілде, 2024
Дипломатия – әлемдік дамудың дәнекері
Бүгін – Дипломатиялық қызмет күні. Мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі саналатын бұл салаға артылған жауапкершілік жүгі салмақты. Қазақстан дипломаттарға сыртқы саясатта еліміздің мүддесін біліктілікпен қорғау миссиясымен қатар шетелдегі азаматтарының амандығы мен құқықтарын қорғау міндеті жүктелген.
Саясат • 02 Шілде, 2024
Достық көпірінің іргесін бекемдеу жалғасады
ҚХР төрағасы Си Цзиньпиньнің Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында Қытайдың Медиакорпорациясы өзі шығарған ең озық бағдарламаларын Қазақстанның «Silk Way» және «Атамекен Бизнес» телеарналарында көрсетіп жатыр.
Үкімет • 29 Маусым, 2024
Парламенттің екінші сессиясы аяқталды
Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтіп, күн тәртібінде сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясының жабылуы және парламенттік каникул туралы мәселе қаралды. Бірлескен отырыста қабылданған қаулысымен Парламент кезекті сессиясын аяқтап, депутаттар 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейінгі демалысқа шықты.
Қазақстан • 28 Маусым, 2024
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астана саммитінің уақыты жақындаған сайын оның дүбірі де жиілей бастады. Дайындық барысын пысықтауға бағытталған отырыс, жиындар бүгінде дамыл тауып жатқан жоқ. Елордада көшелерді ретке келтіріп, саммит өтетін нысандардағы жөндеу жұмыстары да жандана түсті. Ал Ұйымның қазіргі төрағасы ретінде Қазақстан жыл ішінде нендей шаруаны қолға алып, қаншалықты белсенділік таныта алды?
Саясат • 26 Маусым, 2024
Қазақстан – Мальта: Қатынас жандана бермек
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанада ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы әрі Мальтаның Сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иан Борчпен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар төңірегінде жан-жақты пікір алмасып, келіссөздер жүргізді. Келіссөздерден кейін қос елдің Сыртқы істер министрі журналистер алдында бірлескен мәлімдеме жасады.
Қоғам • 25 Маусым, 2024
Әріптестік мәселесі талқыланды
Елордада «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылығы Қытай Медиакорпорациясы Еуразия бюросының директоры Ван Биньді қабылдады. Кездесу барысында тараптар баспасөз саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады.
Шаруашылық • 25 Маусым, 2024
Агросекторда атқарылар жұмыс көп
Мәжілісте палата төрағасының орынбасары Альберт Раудың төрағалығымен мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мен экспорттауды дамыту мәселелері туралы Үкімет сағаты өтті. Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті ұйымдастырған отырыста Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндама жасады.
Қоғам • 24 Маусым, 2024
Дарынды балаларға арналған жазғы оқу лагері жұмысын бастайды
«Халық» қайырымдылық қоры еліміздің көптеген азаматтары үшін өзгерістер мен үміттің негізі болды. Құрылғалы бері білім беру, әлеуметтік қорғау, спорт, төтенше жағдай салаларындағы қайырымдылыққа 85 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Оның ішінде білім беруге көп назар аударады.
Қоғам • 21 Маусым, 2024
БАҚ: Мемлекет және қоғам мүддесі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Масс-медиа туралы» заңға қол қойды. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, қабылданған жаңа заң – Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау туралы берген тапсырмасының қорытындысы, нақты нәтижесі.