Жасұлан СЕЙІЛХАН
Жасұлан СЕЙІЛХАН«Egemen Qazaqstan»
128 материал табылды

Қоғам • 05 Қыркүйек, 2024

«Green Kazakhstan» қорының мақсаты

Жолдау жүктеген міндеттер аясында «Байтақ» жасылдар партиясының бастамасымен елімізде «Green Kazakhstan» қоғамдық қоры құрылады. Бұл туралы кеше партия ғимаратында өткен баспасөз мәслихатында партия төрағасы Азаматхан Әміртаев пен «Парасат» кәсіпкерлер альянсының басқарма төрағасы Олег Пак мәлімдеді. Айта кетерлігі, партия Қордың құрылтайшысы емес, ішкі жұмыстарына араласа алмайды. Тек қоғамдық бақылау арқылы ғана аталған жобаның тиімді жүзеге асуына үлес қоспақ.

Басылым • 03 Қыркүйек, 2024

Басқа басылымдардан: Қазақстан жаңа газ кен орындарын игеруге ниетті

Қазақстан жалпы өндіру көлемі жылына 1 млрд текше метрді құ­райтын жаңа газ кен орындарын иге­руді көздеп отыр. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнаған Жолдауында айтты.

Үкімет • 30 Тамыз, 2024

Мәжіліс: Сайлаушылар сенім артып отыр

Бұл Парламент бұрынғыдан өзгерек. Парламент елімізде Әділетті Қазақстан құру жолында қолға алынған көптеген саяси өзгерістің нәтижесінде жан-жақты жасақталды. Нағыз көппартиялы мемлекетке айналу жолында маңызды қадамдарға барды. Әсіресе Мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келді. Ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осының бәріне ауқымды сая­си реформаның арқасында қол жеткізгенімізді атап өтті.

Құқық • 28 Тамыз, 2024

Әділет төрелігінің сапасы арта түспек

Дәл қазір елімізде кассациялық соттардың моделін жетілдіріп, жалпы сот төрелігінің сапасын арттыру мәселесі өзектілігін жоймай тұр. 2016 жылы сот жүйесіне жасалған реформа бүгінде өміршеңдігін жоғалтып алды. Яғни сот ісін жүргізу мәселесінде арыз-шағым мен наразылықтар артып, қарама-қайшы тұстар қордалана бастады. Мұндай жағдай саладағы заңнаманы қайта қарап, кассациялық сот моделін мейлінше жетілдіруге мәжбүрлеп отыр.

Мәселе • 22 Тамыз, 2024

Алаяқтар айылын жияр емес

Алғашында интернет-алаяқтықтың санаулы ғана түрі бар еді, бүгінде санынан, тіпті түрінен жаңылатын болдық. Олардың әккілігі соншалық, құзырлы органдар мейлінше жолын кесіп, «құрыққа» түсіріп жатса да, аяғын тартып, айылын жияр емес. Әзірге қаржы қаскөйлері қолданатын алаяқтық схемалардың ішінде жалған хабарлама таратып, құқық қорғау, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері болып хабарласу әдісі сан тәсілдің алды болып тұр.

Құқық • 22 Тамыз, 2024

«Цифрлық сот орындаушы» жұмысын бастады

Әділет министрлігі еліміздің бүкіл аумағында «Цифрлық сот орындаушыны» іске қосты. Бұл жүйе азаматтардың 5 миллиард теңгеден астам қаражатын үнемдеуге мүмкіндік бермек.

Жоба • 20 Тамыз, 2024

«Қарызсыз қоғам» студенттердің сауатын арттырады

Тараз қаласындағы Техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру аясында облыс орталығындағы колледждер педагогтеріне арналған 3 күндік оқыту семинары ұйымдастырылды. Колледж студенттерінің қаржылық сауатын арттыру мақсатында қолға алынған бұл іс-шарада облыстың 72 педагогі білімін толықтырды.

Қоғам • 10 Тамыз, 2024

Өңірдің өзекті мәселелері қаралды

Астана қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы консультативтік кездесуі алдында Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан сыртқы істер саласының басшылары қатысты.

Саясат • 03 Тамыз, 2024

Тарихи мәні ерекше сапар

«Ақорда» резиденциясында Қазақ­станға ресми сапармен келген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Саясат • 02 Тамыз, 2024

Қазақстан-Еуроодақ қарым-қатынасы жанданып келеді

Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіп­сіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуро­палық комиссияның вице-президенті Жозеп Боррель елімізге ресми сапары аясында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөз жүргізді.