Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
80 материал табылды

Қоғам • 12 Шілде, 2023

Әлеуметтік желіге – әдеп пен тәртіп

«Өнер алды – қызыл тіл» деп Абай бабамыз айтқандай, ежелден сөз құдіретін сезіне білген хал­қымыз «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп айтарын ашық айт­қа­нымен, «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деп, жауап­сыз лақпа сөзден бойын аулақ салып, бір ауыз жөн сөзге тоқтай білген.

Қоғам • 05 Шілде, 2023

Ономастика – мемлекеттік шаруа

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде ономастика саласы тарихи сана-сезімді жаңғыртудың маңызды идеологиялық құралы екеніне назар аудара келіп: «Жалпы, ономастика саласын тәртіпке келтірген жөн. Бұл шаруа кешенді және дәйекті түрде бір орталықтан атқарылуға тиіс. Ономастика бұл – ата-бабаларымызға байланысты я белгілі тұлғалардың туысқандарының ісі емес. Бұл – мемлекеттің шаруасы. Осы саладағы барлық рәсімдерді іс жүзінде реттеу маңызды. Онда аймақтардың ерек­шелігімен қатар, жалпыұлттық басым­дықтар да ескерілуі керек», деді.

Қоғам • 26 Маусым, 2023

Опа бермес ойынқұмарлық

Дүниежүзілік денсау­лық сақтау ұйымы ойын­­құмарлықтың адам­­затқа тигізіп отыр­ған орасан зор зардабын пайымдай келе, оны «лудомания» деген ауру деп атауды ұйғарған. Осы әлеу­меттік дертпен күресті кү­шейту мәселесі біздің елі­міз үшін де маңызды.

Еңбек • 20 Маусым, 2023

Жұмыскерлерге жанашырлық

«Қазақмыс» және «Казцинк» компаниялары кәсіби еңбек ету қабілетінен айырылған адамдарға арналған әлеуметтік пакетті кеңейтуге бастамашы болды. Осылайша, аталған ірі кәсіпорындар өз жұмыскерлерінің өмірде тап болған қиындықтан шығуларына көмектесіп, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттік саясатты қолдап отыр.

Қоғам • 15 Маусым, 2023

Көші-қон: бетбұрыс баянды болсын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: «Қандастардың көшіп келуіне және ішкі көші-қонға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Бұл орайда демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек. Сондай-ақ жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды» деп мәлімдеді.

Құрылыс • 04 Маусым, 2023

Құрылыста қашан тәртіп орнайды?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 19 сәуірде өткізген еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте: «Елімізде заң мен тәртіп қатаң сақталуы қажет. Заң үстемдігі болмаса, тұрақтылық та болмайды. Ал тұрақтылық жоқ жер­де ешқандай даму да болмай­ды. Сондықтан азаматтары­мыз заңға бағынуы керек, ал құзырлы органдар заң бұзушылықтың алдын алуға тиіс», деді.

Ұстаз • 31 Мамыр, 2023

Мұғалім сынақтан неге сүрінеді?

Еліміз күні өтіп, күйреген кеңестік жүйеден әлемде үстемдік құрған нарықтық қатынастарға көшіп, қоғамдық құндылықтар күрт өзгер­ген тәуелсіздік жылдарын­да педагог мамандығының беделі түсіп, дарынды жастардың көпші­лігі қызығушылық танытпайтын кәсіптің біріне айналғаны мәлім.

Қоғам • 29 Мамыр, 2023

Жетім неге жылайды?

Жетімін жылатпаған ел едік. Өкінішке қарай, кеңес заманында коммунистік идеологияның ықпалымен сол ата дәстүріміз ұмытылуға айналғанының және індеттей жайылған маскүнемдіктің кесірінен ата-анасынан тірідей айырылған жетімдер мен оларды панасына алған Балалар үйлері тым көбейіп кетті. Тек тәуелсіздік таңы атып, халқымыз ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге қайтадан бет бұрған кезде тағдыр тақсіретін тартқан жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санын азайту мәселесін мемлекет пен қоғам бірлесіп шеше бастады.

Құқық • 23 Мамыр, 2023

Құныққандардан қалай құтыламыз?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы 1 қыркүйекте жариялаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Бюджет қаржысын және жалпыұлттық байлықты талан-таражға салатын жемқорлық әрекеттер мен оның астыртын жолдарын ұйымдастырушыларды іздеуге, түпкі амал-тәсілдерін анықтауға барынша күш салу өте маңызды», деп атап айтты.

Заң • 04 Мамыр, 2023

Латифундистер заңға бағынбай ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 19 сәуір­де еліміздің әлеуметтік-эконо­ми­калық даму мәселелері жөнін­дегі кеңейтілген кеңесте сөйле­ген сөзінде: «Жария етілген көпте­ген реформа әлі де баяу жүріп жа­тыр. Оны мойындауымыз керек. Сондықтан Үкімет ескі жұмыс тәсілін түбірімен жою үшін ерік-жігер танытуға тиіс», деді. Пре­зиденттің бұл сыны жер қатынас­тарын реформалауға да қатысты деп білеміз. Себебі ел өңірлерінде жер дауы әлі басылмай тұр. Бұған өткен жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне 9500-ден астам арыз-шағым түскені айғақ.