Қоғам • 27 Қыркүйек, 2023
Түрік тілі мен мәдениеті кабинеті ашылды
Еуразия ұлттық университетінде «Түрік тілі мен мәдениеті» кабинеті ашылды. Жаңа аудиторияда Қазақстан және Түркия мамандары студенттердің түркі интеграциясын дамыту, түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығын және мәдени дипломатиясын нығайту бағытында білімдерін кеңейтеді. Бұл жас ғалымдарға түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосымша мүмкіндіктер береді.
Кино • 27 Қыркүйек, 2023
Брюссель «Дос-Мұқасан» фильмін тамашалады
Өткен сейсенбі күні Брюссельдегі «Cinema Palace» кинотеатрында «Дос-Мұқасан» фильмі көрсетілді. Мәдени іс-шара Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің қолдауымен өтті. Фильм қазақ тілінде ағылшын субтитрімен ұсынылды.
Еңбек • 24 Қыркүйек, 2023
Басты мақсат – жұмысшы құқығын қорғау
Өзбекстанның Самарқанд қаласында Түркі мемлекеттері кәсіподақтар ұйымының құрылтай жиналысы өтті. Жиын қорытындысы бойынша ұйымның бас хатшысы болып Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин сайланды.
Кино • 21 Қыркүйек, 2023
«Міржақып. Оян, қазақ!» кинотеатрлардан көрсетіледі
Ақын, жазушы, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының өміріне қатысты фильмді енді кинотеатрлардан көруге болады.
Жоба • 17 Қыркүйек, 2023
Ұлттық тележобалар таныстырылымы
Астанада «Қазақстан» телерадиокорпорациясының жаңа маусымдағы жобаларының таныстырылымы өтті. Іс-шараға Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, телевизия ардагерлері, БАҚ жетекшілері мен журналистер қатысты.
Әлем • 14 Қыркүйек, 2023
Өзбекстанда Шығыс стилінде жасалған бірегей пойыздар пайда болды. Жоба немістің Lernidee Erlebnisreisen туристік компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған.
Өнер • 12 Қыркүйек, 2023
Англияның Оксфордшир графтығы Уоллингфорд қаласында детектив тақырыбында жазған әлемдегі ең танымал жазушы Агата Кристидің мүсіні қойылды.
Өнер • 05 Қыркүйек, 2023
Еліміздегі EEGERU заманауи музыка ансамблі әлемдегі ең ірі өнер фестивалі – Edinburgh Festival Fringe-де (Эдинбург Фриндж) өнер көрсетті.
Музей • 29 Тамыз, 2023
Ұлттық музейде суретші, графика шебері Батухан Байменнің «Nomad: Black&White» атты авторлық көрмесі ашылды. Көрме графика, оның ішінде линогравюраға арналып отыр. Суретшінің айтуы бойынша, аталған өнер түрі елімізде даму жағынан кенже қалған. Оның себебі – линогравюра ұзақ уақыт пен қажырлы еңбекті қажет етеді.
Білім • 28 Тамыз, 2023
Мемлекеттік тіл және адами капитал
Ғылым және жоғары білім министрлігі «Адами капитал – ел экономикасы өсуінің негізі» атты форум аясында Ғылым, жоғары білім, тіл саясаты бойынша секциялар өткізілді.