Қоғам • 28 Ақпан, 2022
«Саламатты ауылдың» сауабы көп
Еліміздің шағын ауылдарында жастардың бос уақытын өткізуге арналған жаңа орындар пайда болуда. Өздерінің туған жеріндегі өмірді өзгертуге тырысқан қоғам белсенділері түрлі бастамаларды ұсынуға тырысады.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2022
Көші-қон саласы тиянақты зерттелуі қажет
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының әлеуметтік зерттеу нәтижелері жастардың 32,5%-ы республика көлемінде тұрғылықты жерін ауыстырғысы келетінін көрсетті. Бұл ретте сұралғандардың 20,9%-ы жақын арада елден тыс жерлерге көшкісі келетіндерін немесе болашақта бұл қадамға баруға дайын екендіктерін айтты. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының қолдауымен ұйымдастырылған «Жастар» ҒЗО сараптамалық пікіралмасу алаңында сөз болды.
Қазақстан • 25 Ақпан, 2022
Әріптестік тетіктерін жетілдіру жұмысы жалғасуда
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ҮЕҰ мен мемлекеттің әріптестік тетіктерін трансформациялау мәселелерін қарады. Аталған мәселе бойынша бірлескен талқылау өтті, оған еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам ҮЕҰ өкілі қатысты.
Қазақстан • 24 Ақпан, 2022
Ел тыныштығын сақтау – ерлердің ісі
Еліміз бойынша 2021 жылы мерзімді әскери қызметке шақырудың қорытындысы шығарылды. Өткен жылы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына 32 мыңнан астам азамат шақырылған.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2022
Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) отырысы өтіп, онда «Шығып қалғанның орнына Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлауды тағайындау туралы» мәселе қаралды.
Пікір • 21 Ақпан, 2022
Бүгінгі қоғамымыздағы өрекпіген көңіл күй соңғы бірер айдың ішінде орнай қалғандай көрінеді. Бірақ оның өзегінің тарихы ертеректен бастау алады әрі туындау себебі көп. Осы көп себептің ең бастылары – халықтың өз елінде жүріп, өгейдің күйін кешкені, арман-мақсатын үмітсіздікке байлап берген қоғамдық-әлеуметтік теңсіздіктің, әділетсіздіктің орнауы, жалпы, мемлекеттік даму жолының көңіл көншітпегені және ұлттық қазба байлығымызды өндіру ісіндегі ашықтықтың жоқтығынан туындаған күмәнді көзқарас.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2022
Баршамызға мәлім, 1989 жылғы 15 ақпанда Кеңес әскерін Ауғанстан аумағынан толық шығару ісі аяқталды. Он жылға созылған қиян-кескі соғысқа Кеңес Одағынан 620 мыңға жуық сарбаз, оның ішінде қазақстандық 22 269 жауынгер қатысты. Содан бері бұл күн ауған соғысының әр жауынгері мен офицерін еске алу күні болып келеді.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2022
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілері және этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2022
Жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру қажет
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігі мен ұрыс қабілетін арттыруды заңнамалық қамтамасыз ету, проблемаларды анықтау және оларды шешу мәселелері бойынша Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 17 Ақпан, 2022
Қоғамдық келісім – басты құндылық
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов еліміздегі бірқатар этномәдени бірлестіктің өкілдерімен онлайн режімде кездесті.