Алмас МАНАП
Алмас МАНАП«Egemen Qazaqstan»
315 материал табылды

Теннис • 17 Қаңтар, 2024

Australian Open-ді жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.

Бокс • 16 Қаңтар, 2024

Лицензиялық турнирге кімдер барады?

29 ақпан мен 12 наурыз аралығында Италияда бокстан лицензиялық турнир өтеді. Әр салмақта жартылай финалға шыққан боксшылар Париж Олимпиадасының жолдамасын қал­таға салады.

Спорт • 16 Қаңтар, 2024

Жолдама Астанада анықталады

Дзюдодан Париж Олимпиадасына ұпай үлестіретін соңғы дода Астанада өтеді.

Хоккей • 15 Қаңтар, 2024

«Номад» топ жарды

«Номад» командасы шайбалы хоккейден Құрлықтық кубок ойындарының жеңімпазы атанды.

Спорт • 29 Желтоқсан, 2023

Жеңісті де жемісті жыл

Спорт саласында 2023 жылды дауыл алдындағы тыныштық деп атасақ, дөп келетіндей. Өйткені келер жылы төрт жылдықтың басты додасы – Олимпия ойындары өтеді. Биыл спортшыларымыз лицензия үлестіретін бірнеше әлем чемпионаты мен Азия ойындарында бақ сынады.

Шахмат • 11 Желтоқсан, 2023

БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында шахматтан турнир өтеді

Қазақстан шахмат федерациясы Тәуелсіздік күні қарсаңында БАҚ өкілдері және блогерлер арасында Media Chess Cup турнирін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 27 Қараша, 2023

Мырзағали АЙТЖАНОВ, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері: Іріктеу турниріне мықтылар барады

Өткен аптада Астана қаласында бокстан Қазақстан спартакиадасы өз мәресіне жеткен-ді. 176 боксшы 13 салмақ бойынша өзара жеңімпазды анықтады. Спартакиададан кейін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов финалдық жекпе-жек жайында пікірін білдіріп, кімдердің құрамаға шақырылатыны, оларды қандай жарыстар күтіп тұрғанын ортаға салды.

Футбол • 21 Қараша, 2023

EURO -2024: Алаш жұрты аңсаған дода

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен кез­десіп, 1:2 есебімен жеңіліс тапты. Аталған матчқа жа­рақатына байланысты Асхат Тағыберген, Бауыржан Ис­ламхан, Бағдат Қайыров, Бахтиер Зайнутдинов қатысқан жоқ.

Футбол • 20 Қараша, 2023

Жеңіс пен үміт сыйлаған күн

Өткен жұма күні Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан футбол құрамасы Сан-Марино құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, Еуропа чемпионатына жолдама алу мүмкіндігін сақтап қалды. Аталған матчты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана арена» стадионында жанкүйерлермен бірге тамашалады.

Спорт • 19 Қараша, 2023

Чемпиондар бақ сынаған спартакиада

Жексенбі күні Астанада бокстан ересектер арасында VI жазғы спартакиада аяқталды. Жеті күнге созылған додада кіл мықтылар чемпион атанып, келер жылы Италияда өтетін Олимпиада жолдамасы үйлестіретін турнирге қатысу мүмкіндігіне ие болды. 4 жылда бір ұйымдастырылатын айтулы бәсекеде 13 салмақта 176 спортшы жүлдеге таласты. Бір қызығы, екі финалдық жекпе-жекте әлем чемпиондары жұды­рық­тасты. 51 кг салмақта Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай арасындағы жекпе-жекте С.Бибосынов 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал 80 кг салмақтағы Нұрбек Оралбай мен Бекзат Нұрдәулетов арасындағы айқаста Н.Оралбай өз шебер­лігін дәлелдеді.