
Спорт • 29 Қыркүйек, 2023
Азия ойындарының бесінші жарыс күні ел құрамасының қоржынына 2 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль түсті. Бұл жолы да мергендеріміз мүлт кеткен жоқ. Қыздар арасында ел намысын қорғаған Зухра Ирназарова 10 метрге жылжымалы нысана көздеуден үздік шығып, алтын жүлдеге ие болды. Ал стенд ату бойынша (Skid-міх) Эдуард Ещенко мен Әсем Орынбай финалда Кувейт құрамасынан бес ұпай артық жинап, Қазақстан қоржынына үшінші алтын медаль салды.
Олимпиада • 27 Қыркүйек, 2023
Азиаданың төршінші жарыс күні ел құрамасы үшін өте сәтті басталды. Стенд атудың скид бағдарламасы бойынша Қазақстанның қыздар құрамасы ең көп ұпай жинап, сары құрлық ойындарының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ бұл күні 47 медаль жиынтығы сарапқа салынса, соның 21 спорт түрінен біздің саңлақтар сынға түсіп, 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды.
Олимпиада • 26 Қыркүйек, 2023
Алаш жұрты ақжолтай хабарды асыға күтіп отыр
Ханчжоудағы дүбірлі доданың үшінші күнінен де тым үмітсіз емес едік. Бұл күні 31 медаль жиынтығы сарапқа салынса, Қазақстан спортшылары 18 спорт түрінен бақ сынады. Кеше спортшыларымыз 1 күміс және 3 қола медаль еншілеп, медальдар жиынтығын көбейтіп жатқанымызда, Қырғызстан мен Тәжікстан алғашқы алтынды жеңіп алды. Алтынның ауылы алыстаған сайын уайымда күшейе бастады. Дегенмен, додада жүрген мамандар алтын алатын спортшыларымыз әлі көп деп отыр.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2023
– Қытайдың Ханчжоуында басталған XIX Aзия ойындары ғажап көріністермен көз алдымызда қалды. Тіпті сәтінде бұл салтанатты сонау 2008 жылы осы елдің астанасы Бейжіңде болған Олимпиадалық ойындардың ашылу салтанатымен салыстырсақ та болады.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2023
Азия ойындарының екінші күнінде Қазақстан қоржынына тағы үш қола медаль түсті. Бұл күні Ханчжоу төріне көтерілетін спортшылардың арасында алтынға лайықты басты фавориттер болмағанымен, медаль алады-ау деген спортшыларымызға жанкүйер болдық.
Спорт • 24 Қыркүйек, 2023
ХІХ Азия ойындары ресми түрде ашылды
Бұрнағы күні Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындарының алауы ресми түрде тұтанды. 45 мемлекеттен келген 12 мыңнан астам спортшы енді 15 күн бойы өзара мықтыны анықтайды.
Спорт • 22 Қыркүйек, 2023
Бокстан жазғы Азия ойындарының жеребесі тартылды
Қытайдың Ханчжоу қаласында басталған жазғы Азия ойындарының бокстан жеребесі тартылды. Жазғы Азия ойындарынан хабар таратуға арнайы барған әріптесіміз Алмас Манап Ханчжоудан хабарлайды.
Спорт • 22 Қыркүйек, 2023
Азия ойындары: Екі спортшымыз финалға өтті
Қытай еліндегі Ханчжоу-2023 Азия ойындарында Қазақстан спортшылары Павел Ильяшенко мен Кирилл Стадник қазіргі бессайыс жарысының финалына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қыркүйек, 2023
Кеше Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Атлетикалық ауылда еліміздің Мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді. Көк туды көтеру салтанатына ел құрамасының спортшылары мен спорт саласын басқарушы мамандар қатысты. Іс-шара барысында бес мемлекеттің – Қазақстан, Бутан, Ирак, Оман, Бахрейн тулары көтеріліп, әнұрандары шырқалды. Ресми іс-шарада біздің құрама қыз-жігіттерінің қатары өзге елдің спортшыларынан анағұрлым көп болды. Ел делегациясын Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт департаментінің директоры Елсияр Қанағатов, комитеттің бас хатшысы Андрей Крюков, Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова, бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов, регбиден ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Анна Яковлева, бокстан әлем чемпиондары – Асланбек Шымбергенов, Сәкен Бибосынов, Махмұт Сабырхан бастап шықты.
Пікір • 20 Қыркүйек, 2023
Ермек МАРЖЫҚПАЕВ, Туризм және спорт министрі: Жакартадағы нәтижені жақсартамыз