Елігімай ТӨҢКЕР
Елігімай ТӨҢКЕР«Egemen Qazaqstan»
176 материал табылды

Қоғам • Бүгін, 10:10

Жалпыға бірдей декларацияны кім және қашан тапсырады?

Салық маманы Балжан Бақытқали­қы­зы­ның жауабы: – Жалпыға бірдей декларациялау деген ұғым кейінгі жылдары жиі айтылып келеді. «Ол жүйе әлі бар ма? Әлде жойылды ма?» деген сұрақ та көптің көкейінде жүргені рас. Иә, бұл жүйе бар әрі 2025 жылы жалпы­ха­лық­тық сипат алды. Яғни кәмелетке толған бар­лық азамат салық декларациясын тапсыруға тиіс.

Маман • Бүгін, 10:05

Өнім дизайнері бәсекелі маманға айналды

Әсіресе банк секторы мен қаржылық технология саласында өнім дизайнерінің рөлі барған сайын күшейіп жатыр. Себебі қаржы – сенімге құрылған сала, ал сенім интерфейстен басталады. Дизайнер десе, көпшілік оның тек сурет салып, түстер мен шрифтерді таңдаумен айналысатынын елестетеді. Алайда өнім дизайнерінің жұмысы әлдеқайда ауқымды әрі стратегиялық мәнге ие. Ол пайдаланушы тәжірибесін (UX) зерттеп, сол негізде интерфейсті (UI) әзірлейді. Сонымен қатар тұтынушы мінез-құлқы, нарықтағы трендтер, бәсекелестер, бизнес мақсаттар барлығы осы маманның шешімдеріне әсер етеді.

Үкімет • Бүгін, 09:00

Барлық ауыл ауызсумен қамтылады

Елімізде халықты сапалы ауызсумен қамтама­сыз ету мәселесі Үкімет­тің стратегиялық басым бағыттарының бірі болып отыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төр­аға­лығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Күн тәртібінде сумен жабдықтау мен су тарту жүйелерін дамыту, цифр­ландыру, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері қаралды.

Қаржы • 26 Маусым, 2025

Тапшылық – дағдарыс емес

2025 жылдың алғашқы 5 айында республикалық бюджет түсімі жос­пардан 1,2 трлн теңгеге кем болды. Алайда Үкімет шығындарды 1 трлн теңгеге қысқартып, тапшылықты 1,03 трлн теңгемен шектеді. Қаржы министрлігінің дерегінше, 1 маусымға дейін республикалық бюджетке 8,8 трлн теңге түсті. Бұл жоспарланған 10 трлн теңгеден 12%-ға аз. Әсіресе салықтық түсімдер айтарлықтай төмендеп, 5,54 трлн теңге болды (жоспар 5,61 трлн теңге). ҚҚС бойынша түсім 8,1%-ға орындалмай қалған. Керісінше, салықтан тыс түсімдер 38%-ға асыра орындалыпты.

Таным • 20 Маусым, 2025

Апталық дайджест: Икемділерге арналған игілік

Экономика өсіп жатыр, бірақ бұл жеке инвес­тицияның емес, бюджет қаржысының «жетістігі». Доллар теңгеге ауысып жатқандай көрінгенмен, капитал сыртқа кетіп жатыр.

Инвестиция • 18 Маусым, 2025

Инвестиция игілігін көрудің жолы

Әлем картасындағы сауда жолдары қайта сызылып жатыр. Ендігі Жібек жолы тарих парағында ғана емес, геосаяси ойынды өзгертетін жаңа дәлізге айналды. Қазіргі атауы – Орта дәліз.

Қоғам • 13 Маусым, 2025

Сенімді серіктес, жауапты инвестор

«Самұрық-Қазына» қоры 2024 жылдың қорытындысы бойынша ірі жобаларды іске асырып, қаржылық және әлеуметтік көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. Қор мемлекетке 3,4 трлн теңге аударып, республикалық бюджет кірісінің 17%-ын қамтамасыз етті. Сонымен қатар инфрақұрылым, отандық өндіріс және әлеуметтік қолдау бағытында ауқымды жұмыс атқарылды.

Экономика • 13 Маусым, 2025

Автонарық пен несиенің арасалмағы

Елдегі көлік өндірісі мен автонесие сұранысы қатар шарықтап барады. Бір қарағанға, индустрия дамып жатқандай. Алайда санға үңілсек, ішкі өндірістің үні бәсең. Нарықтың шынайы келбеті сырттан келетін модельдер мен арзан несиенің елесінен көрінбейді.

Пікір • 12 Маусым, 2025

Мұнай өндірісіне икемділік керек

Еліміз мұнай өндірісін арттыра отырып, аймақтық тұрақтылықтың тіре­гі­не айналуға тиіс. Эконо­мист Расул Рысмамбетов әлеует пен тәжірибе бұл мис­сияға толық жетеді дейді.

Инвестиция • 12 Маусым, 2025

Ілкімді жобалар ілгері бастырады

Елімізде жыл сайын 110–112 млн тонна көмір өндіріледі. Бұл көрсеткіш кейінгі жылдары тұрақты сақталып отыр. Көмір қоры – 33,4 млрд тонна, әлемнің алғашқы ондығына кіреді. Салада 32 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Алайда бұл өндірістік қуаттың басым бөлігі шикізат күйінде сатылады. Жаһандық үрдістерге сай, көмірдің стратегиялық маңызы терең өңдеу мен әртараптандырумен ғана сақталады.