Президент • 27 Қараша, 2023
Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасарын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
Байланыс сапасының нашарлығын ауыл тұрғындары сезінеді – министр
Ақмоба облысы, Аршалы ауданының, Жібек жолы және Жалтыркөл ауылдарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің төрағалығымен ауылдағы байланыс пен интернет сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 27 Қараша, 2023
Ауыл шаруашылығын қолдауға қосымша 30 млрд теңге бөлінді
Үкімет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету үшін резервтен 30 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
Полиция қызметкері 81 жастағы зейнеткерді құтқарды
Қостанай облысында учаскелік полиция қызметкері 81 жастағы зейнеткерді түтіндеген пәтерінен алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
Баласын несиені жабу үшін сатпақ болған
Ел аумағында жүргізілген «STOP-трафик» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде адам саудалау фактілері де анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
Абай университетінің жеті жас зерттеушісі постдокторантураны сәтті аяқтады
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ғылым саласындағы кадрлық резервтің әлеуетін кеңейту мақсатында жыл сайын конкурс арқылы постдокторанттар пулын қалыптастырып келеді. 2019 жылы енгізілген бағдарлама бүгінде 28 орынды қамтиды. Постдокторанттар зерттеулерге тереңірек үңіліп, ғылымның дамуына белсенді үлес қосып отыр.
Үкімет • 27 Қараша, 2023
Динара Щеглова вице-министр лауазымына тағайындалды
Үкіметтің қаулысымен Динара Ринатқызы Щеглова Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
Фамилиясы – Герой. Автобус жолаушыларын апаттан құтқарған оқушы кім?
Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны, № 24 лицейдің 8-сынып оқушысы Ақжол Герой есінен танып қалған жүргізушіге алдымен көмекке келіп, автобусты тоқтатып, көпшіліктің алғысына кенелді. Жасөспірімнің батылдығын үлгі еткен аудан әкімдігі ноутбук берсе, Алматы облысының басшысы соңғы үлгідегі IPhone 15 смартфонын сыйға тарту етті. Бейбіт күннің батыр баласына айналған Геройдың немересі кім?
Үкімет • 27 Қараша, 2023
Қазақ-өзбек теміржол байланысы нығая түспек
Түркістан облысында ұзындығы 152 км болатын Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Қараша, 2023
Халық дағдарса, долбарға ереді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында («Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы») геосаяси ахуал ушығып, әлем экономикасының буыны қалтырап, тұрақсыздық өршіп тұрған шақта елімізде «ауқымды дағдарысты еңсеруге қажетті резервтер мен амал-тәсілдердің бәрі бар» екенін айтқан болатын. Үкіметке дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін кешенді шараларды көпке ұзатпай қабылдауды тапсырған еді. Халықтың әлеуетін арттыратын шаралар жүйесімен жүзеге асырылып келеді.