
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 23 Тамыз, 2024
Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына көкпар ойынына қатысуға ықылас танытқандардың арасында АҚШ құрамасы да қызу әзірлік өткеріп жатыр. Әлеуметтік желіге оқу-жаттығу жиынын жариялаған ковбойлар Астана төріндегі дүбірлі доданың жүлдесінен дәмелі. Америкалық көкпаршы Ник Уиллерт өзінің жеке дайындығын жариялап, командасындағы өзге де әріптестерінің әзірлігі жоғары екенін мәлім етті.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 23 Тамыз, 2024
Құсбегілердің қырағылығы сыналады
Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында құсбегілердің де шеберлігі сыналады. Еліміздің құсбегілері Ақмола облысында дайындықты пысықтап, оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Туризм • 22 Тамыз, 2024
Қоршаған ортаның тазалығын бақылайды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының негізінде қоғамдық эко-бақылау бойынша республикалық іс-шара басталды. Бір ай бойы жүргізілетін акцияға 1,5 мыңнан аса адам қатысып, 300 мониторингтік іс-шараны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 20 Тамыз, 2024
Сайын даланы дүбірімен тербейтін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында садақшыларға да зор сенім артылып отыр. Олар елордадағы «Қазанат» атшабарында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, шеберліктерін шыңдап жатыр.
Спорт • 20 Тамыз, 2024
Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының Этноспорт аламанында толағайлар тартысы тұңғыш рет ұйымдастырылмақ.
Ұлттық спорт • 17 Тамыз, 2024
8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында бәйге түрлерінен дүбірлі дода өтеді. «Қазанат» атшабарын дүбірге бөлейтін бәйгеге қандай жүйріктердің қосылатыны іріктеу сайыстарынан кейін анықталады.
Спорт • 17 Тамыз, 2024
Тамыз айының үшінші жексенбісі спорт күні ретінде аталып өтеді. Бұл ретте елімізде спортқа орасан көңіл бөлініп, кәсіби шұғылданушылар мен әуесқойлардың алаңсыз шынығуына оңтайлы мүмкіндік беріліп, жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.
Ұлттық спорт • 14 Тамыз, 2024
Жамбы атудан ұлттық құрамамыз V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында ел намысын қорғайтын үздіктер анықталып, жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Үздік шыққан 10 жамбы атушы көшпелілер ойындарына тікелей жолдама беретін 3 орынды сарапқа салып, іріктеу ойындарына қатысты.
Ұлттық спорт • 13 Тамыз, 2024
Сүйінші! Далалық құндылықты қастерлеген этноспорт додасы елорда төрінде, қалалық өркениеттің өрісінде керуен тартпақ. 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары жалауын желбіретеді. 89 елден келетін 2 мыңнан аса саңлақ 21 спорт түрі бойынша додаға қосылады. Одан сырт мәдени мұра, ұлттық құндылықты дәріптейтін іс-шаралар өткізіліп, төл өнердің өрісін кеңейту бағытында ғылыми конференция, талқылау жиыны ұйымдастырылады.
Олимпиада • 10 Тамыз, 2024
Франция астанасын дүбірге бөлеген ХХХІІІ жазғы Олимпия ойындары мәресіне таяп қалды. Он үшінші сайыс күнінде ел қоржынына медаль түскен жоқ. Саңлақтарымыздың дені іріктеу сайысында сүрініп, аламанды аяқтады.