
Сайлау • 01 Қараша, 2023
5 қарашада Атырау облысында Исатай және Қызылқоға аудандарының әкімдері сайланады. Екі аудан тұрғынының сенімін ақтап, әкім орын тағын иелену үшін 6 үміткер тіркеліп отыр. Алтауы да мемлекеттік қызметте жұмыс істейді.
Басылым • 31 Қазан, 2023
Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан Мәншүк Мәметова туралы жазылған кітап та, тіпті кино да аз емес. Бірақ бұл жолғы екі туындының жөні бөлек.
Аймақтар • 26 Қазан, 2023
Атырауда Республика күніне орай «Тұғыры биік Қазақстан» атты салтанатты іс-шара өтті. Онда мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін 44 адам марапатталды.
Мирас • 26 Қазан, 2023
Биыл артына мол мұра қалдырған ақын Мұрат Мөңкеұлының туғанына 180 жыл толды. Зар заманның өкілі жеті жасынан жетімдіктің зардабын көрген. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан ол ақындық өнерімен танымал болған.
Денсаулық • 23 Қазан, 2023
Алдағы екі жылда Атырау облысында медициналық нысандар қатары көбейеді. Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің мәліметі бойынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін жақсартуға жаңадан 37 нысан салынады.
Аймақтар • 23 Қазан, 2023
Атырау мұнай өңдеу зауытында тәулігіне 9 500 тонна мұнай өңделіп жатыр
Атырау мұнай өңдеу зауыты мұнай өңдеуді қайта бастады. Мұнда жоспарлы тексеруден соң технологиялық қондырғылардың бірінші кезегі іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қазан, 2023
Жергілікті қызметке басымдық берілсе...
Атырау облысының экономикасын өрге сүйрейтін саланың қатарында мұнай-газ өнеркәсібінің алатын орны айрықша. Мұнда еліміздегі «қара алтынның» басым бөлігі өндіріледі. Сол себептен, мұнайлы өңірге шетел инвесторларының қызығушылығы артып отыр. Тіпті осы салаға сервистік қызмет көрсетуге ұмтылушылар да аз емес.
Қоғам • 20 Қазан, 2023
Жүргізушілерге де қойылатын тәртіп қатаң. Алайда көлік тізгіндегендер тарапынан құқық бұзушылық дерегі азаймай отыр. Мәселен, Атырау облысында жыл басынан бері 14 мыңнан астам жүргізушінің жылдымдықты шамадан тыс асырғаны анықталған.
Отбасы • 17 Қазан, 2023
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін ұсталғандарды арнайы қабылдау орындары бар. Жақында Атыраудағы осындай орында психолог кабинеті ашылды. Мақсат – ішімдікке салынған, отбасылық тұрмысы төмен адамдарға жеке және топтық сеанс түрінде кеңес беру.
Жоба • 17 Қазан, 2023
Отандық экономиканың жетекші саласының бірі – мұнай-газ өнеркәсібі. Әлемдік нарықта баррельмен бағаланатын «қара алтынның» алғашқы тамшысы алынған 1899 жылдан бері бірнеше кен орны іске қосылып, мұнай өндіру еселеп артты. Әсіресе Атырау облысындағы «Теңіз», «Қашаған» кен орындарын игеруге шетел инвесторларының инвестициясы тартылды.