Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2373 материал табылды

Аймақтар • 28 Мамыр, 2020

Атырау: ҰБТ тапсыруға 4 211 түлек өтініш берді

Биыл мектепті  5 286 түлек  бітірді. Олардың  4 211-і  ҰБТ тапсыруға өтініш беріп отыр. Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақкенже Исанбергенованың айтуынша, бұған қоса колледждерді бітіретін 834 түлек те ҰБТ тапсырады.

Аймақтар • 28 Мамыр, 2020

Атырау: Ауыл әкімдерінің көлігі жаңарады

Бұған дейін Қызылқоға ауданының әкімдігі 18 автокөлік сатып алуға ашық конкурс жариялаған еді. Соның ішінде әрқайсысының құны 5 млн теңгеге бағаланған «Нива» маркілі 10  көлік бар. «Нива» көліктері  10 ауылдық округтің әкімдеріне берілгелі отыр.

Аймақтар • 28 Мамыр, 2020

Атырау: Үш аптада 17 бала жоғалды

Әр ата-анаға бауыр еті-баласынан көз жазып қалу оңай дейсіз бе? Десек те, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1-25 мамыр аралығында «102» нөмеріне жасөспірімдердің жоғалу фактісіне байланысты 20-ға жуық хабар түсіпті.

Аймақтар • 28 Мамыр, 2020

Теңіз кенішінің 15 жұмысшысы індет жұқтырды

Қауіпті індеттің ошағы тағы да Теңіз кенішінен анықталып отыр. Өйткені, мұнда жұмыс істейтін 14 ер адам мен 1 әйелден КВИ белгісі табылды.

Коронавирус • 28 Мамыр, 2020

Теңіз кенішіндегі 90% жұ­мыс­­шыда індет симптомсыз болған

Атырауда дәл бұлай болар деп кім ойлаған? Қазір бұл өңірде жаһан жұрты шоқ басқандай үрейленіп, атын айтуға қорқатын қауіпті індет өршіп тұр. Әсіресе мол мұнайымен әлемге әйгіленген Теңіз кенішінде тіркелуі тоқтар емес. Өңірлік жедел штабтың дерегіне сүйенсек, 26 мамырда Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 923 адамға жетті. Оның ішінде 809 пациент – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Ал Атырау қаласында – 75, Жылыой ауданында – 17, Құрманғазыда – 8, Мақатта – 7, Исатайда – 5, Махамбетте – 1 және Индер ауданында 1 дерек тіркелген. Науқастардың арасынан әзірге 233 адам ғана қауіпті індеттен жазылып шыққан.

Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Теңіз кенішіндегі ахуал тұрақталса, жұмысшылар жұмысына оралады

Баршаны алаңдатқан мәселенің бірі –Теңіз кен орнындағы ахуал. Өйткені, Жылыой ауданындағы аталған кен орны  індеттің ошағына айналып барады. Қазір мұнда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал, қауіпті індеттің ушығуына байланысты тұрғылықты мекенжайына оралған жұмысшылар жұмысына қайта орала ала ма?

Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Атырау: Коронавируспен күреске 1 млрд теңге жұмсалды

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәлім етуінше, қауіпті індетпен қарсы күрес шараларына осынша қаржы бағытталып отыр.

Руханият • 27 Мамыр, 2020

Театр алдындағы тарландар

Театрдың киелі сахнасын қадір тұтқан, қазақ өнерін шырқау биікке көтерген тарландар аз емес. Солардың бір тобы – КСРО халық әртістері Сәбира Майқанова мен Хадиша Бөкееваның, Қазақ КСР халық әртісі Нұрмұхан Жантөрин мен Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовтің композициялық бейнелері Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының алдында тұр.

Аймақтар • 26 Мамыр, 2020

Атырау: Оңтүстік кореядан 532 тонналық жүк жеткізілді

Мұнайлы өңірдегі интеграцияланған газхимия кешеніне арналған ірі габаритті қондырғылар Оңтүстік Кореяда құрастырылған.

Аймақтар • 26 Мамыр, 2020

Атырау: Қауіпті індетке шалдыққандар 900-ден асты

Бүгін өңірдік жедел штабтың хабарлауынша, тағы  32 адамнан қауіпті індеттің белгісі анықталып отыр.