Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2373 материал табылды

Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Атырауда итті ұрып өлтірген тұрғын қамалды

Индер ауданындағы Көктоғай ауылының тұрғыны бар ашуын көршісінің итінен алып, ақыры опық жеп отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Атырау тұрғыны есірткімен ұсталды

Естен тандырар есірткіні сатып, көл-көсір пайдаға кенелмек болған жергілікті тұрғын құқық қорғау органдарының құрығына ілінді. Облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының  қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірге өткізген жедел-іздестіру операциясы кезінде синтетикалық есірткіні  өткізбек болған 32 жастағы азамат ұсталып қалды.

Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Атырау: Індет жұқтырғандар 1200-ден асты

Өткен тәулікте қауіпті індетке тағы да 11 адам шалдықты. Науқастардың арасында Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелерде жұмыс істейтін 2 адам бар. Ал, өзгелері Атырау қаласы мен аудандардың тұрғындары болып отыр.

Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Газ тасымалдаушы компания 65 млн теңгені қайтарады

Тұтынушының  есебінен заңсыз табыс табатындар әлі де бар. Бұған Атырау облысының прокуратурасы газ тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалына  жүргізген талдау дәлел бола алады.  

Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Атырауда 600 килодан астам бекіре тәркіленді

Облыстық полиция департаментінің  қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде жарты тоннадан астам бағалы бекіре тұқымдас балықты тиеген көлікті ұстады.

Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Атыраудан Шымкентке ұшақ ұшады

Мұнайлы шаһардан Шымкент қаласына қатынайтын әуе рейсін ашу жоспарланып отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, алғашқы кезекте арнайы рейс «Атырау-Шымкент» және «Шымкент-Атырау» бағытында қатынайды.

Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Атырау: Қауіпті індеттен зейнеткер көз жұмды

Коронавирус инфекциясы тағы бір адамды құрбан етті. Бұл жолы 72 жастағы зейнеткер қайтыс болды.  

Қазақстан • 07 Маусым, 2020

Атырау: Күйік шалған жүргізуші қайтыс болды

Бұрнағы күні, 5 маусымда газ құю стансасында автоцистерна жарылып, төрт адам ауруханаға түскен еді. Соның ішінде денесінің 90 процентін күйік шалған жүргізушінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Жүргізуші кеше өмірден озды.

Аймақтар • 07 Маусым, 2020

Атырау: Әкім түлектерге «Абайдың қара сөздері» кітабын сыйлады

Облыс  әкімі Махамбет Досмұхамбетов мектеп бітірген түлектердің бір тобымен кездесті. Кездесуге 20-дан астам түлектің кейбірі Атырау қаласында, аудандар мен ауылдардағы мектептерде білім алған. Кейбірі кездесуге онлайн режимде қосылды. Түлектердің дені –әлеуметтік жағынан аз қамтылған, сонымен қатар, көп балалы отбасынан шыққан, жетім немесе жартылай жетім  түлектер. Барлығы да әр салада жетістікке жетіп, облыстық, республикалық, сондай-ақ, халықаралық олимпиадалар мен түрлі байқауларда жүлделі орыннан көрінген жас дарындар.

Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Атырауда саябақтар мен алаңға бару шектелді

Бүгін мұндай шектеу көрсетілген қаулыға Атырау қаласының бас санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденов қол қойды.