Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2611 материал табылды

Коронавирус • 20 Қазан, 2020

Қауіпті індетке қарсы қамданыс

Атырауда қауіпті індеттің екінші толқынына қарсы қамдану қарқын алды. Өйткені мұнда қауіпті індетке шалдығу дерегі қайта байқалып отыр. Мәселен, 14 қазанда 10 адам, одан кейін 8-9 науқастан қауіп індет анықталды. Қауіпті індеттің құрығына тек облыс орталығының ғана емес, Жылыой, Қызылқоға аудандарының да тұрғындары ілінді. Соңғы тәуліктерде Теңіз кенішіндегі жұмысшылардың да коронавирус инфекциясына шалдыққаны белгілі болды. Ал өткен аптада облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі инфекциялық стационарларда 59 науқастың емделіп жатқанын хабарлады.

Қоғам • 20 Қазан, 2020

Апатты жатақханадан – жаңа баспанаға

Атырау қаласының тұрғын үй қорында апатты үйлер аз емес. Қала әкімі Қайрат Оразбаевтың мәліметіне сүйенсек, жыл басында осындай баспаналар саны 78-ді құрапты. Оның ішінде 10 жатақхана да бар. Кейін сарапшылар жасаған қорытындыға сәйкес апатты тұрғын үйлердің қатары тағы екі нысанмен толыққан.

Аймақтар • 19 Қазан, 2020

Атырауда құтқарушыларға 8 арнайы көлік берілді

Құтқарушылар күніне орай Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникалары жаңа 8  көлікпен толықты. Төтеншеліктерді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов құттықтап, үздіктерге Алғыс хат табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Қазан, 2020

Қасым хан Сарайшықта жерленген бе?

Қазақтың шежірелі тарихында көне Сарайшық қаласының алар орны бөлек. Өйткені сан ғасырлық көмбесі әлі толық ашыла қоймаған бұл қаланың кезінде үш мемлекеттің астанасы болғаны белгілі. Енді міне, жақында әуелі Алтын Орда мен Ноғай Ордасының, кейін Қазақ хандығының бас шаһары атанған Сарайшық қаласынан ерекше қабірхана табылып отыр. Тарихи деректерге сүйеніп, зерттеу жүргізген археологтар оны ұлтымыздың ұлы тұлғасы – Қасым ханның жерленген орны болуы мүмкін деген болжамға тоқтам жасап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Қазан, 2020

Атырауда мас жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды

Атырауда тағы бір мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Қазан, 2020

Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

Экология департаментінің баспасөз қызметі Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 16 Қазан, 2020

Атыраулық оқушы алоэден сусабын мен йогурт ойлап тапты

Нұрдәулет Мандияров – Құлсары қаласындағы №8 мектептің оқушысы. Сабақтан тыс уақытын  бос өткізбейді. Үнемі ізденіп, ғылыми жобамен айналысады. Жақында ол алоэ өсімдігінен бет күтіміне қолданатын маска, сусабын мен балаларға арналған йогурт жасап шығарды.

Аймақтар • 16 Қазан, 2020

Атырауда дәрі-дәрмектің үш айлық қоры жасақталды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, медициналық ұйымдарда  қажетті дәрі-дәрмектердің, әсіресе коронавирусқа қарсы препараттардың қоры жасақталды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 16 Қазан, 2020

Атырауда бірнеше нысанның қызметіне рұқсат берілді

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Асылбек Шаровтың қаулысымен бірнеше нысанның қызметіне рұқсат берілді.

Өнер • 16 Қазан, 2020

Саңлақ бейнеленген сырмақ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сан алуан жәдігер бар. Соның бірі – күй анасы атанған Дина Нұрпейісова бейнеленген сырмақ.