Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
473 материал табылды

Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

Қалпына келтіру жұмысына кірісті

Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды. Дегенмен екінші толқын тасқын болады деген болжам бар. Соны ойлаған жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдайлар департаменті мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмысты күшейтіп жатыр. Тәулік бойы кезекшілік жүргізіліп тұр.

Шаруашылық • 05 Сәуір, 2024

Қырдағы науқанға қамданыс

Өткен жылға шаруалардың өкпесі бар. Жылда қам­ба­ларын астыққа толтыратын оларға былтыр кедергі көп болды. Жауын-шашын мөлшерден көп жауды. Егінді киік таптады. Жердің тозғанына және қа­палы. Несін жасырамыз, көп шаруа көлденең шығынға ұшырады.

Байқау • 04 Сәуір, 2024

Ташкентте топ жарды

Ұлыс күні Ташкенттен ақжолтай хабар жетті. Қарағандылық жас өнерпаздарымыз Өзбекстан астанасында өткен «Таланты Spring Fest» халықаралық өнер байқауында топ жарып, елге олжалы оралды.

Жәдігер • 03 Сәуір, 2024

Ер-тоқым мен топатай

Ер-тоқым мен топатай Шет ауданындағы музей сөресінде тұр. Дәуір тарихы, этнографиясы, тарихи жәдігерлер жинақталған музейдегі қос бұйым көнеден келе жатыр.

Байқау • 03 Сәуір, 2024

Жас технологтер табысы

Қарағанды қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде «RoboLand – 2024» IX Халықаралық роботтехника, бағ­дар­ламалау және инновациялық технологиялардың фестивалі өтті. Бұл жолғы өңірімізде өтіп жатқан өнертапқыштар сайысында Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елі­нің өрендері бақ сынасты.

Төтенше жағдай • 02 Сәуір, 2024

Жолды су шайып кетті

Қарағанды аймағына да қарғын судан қауіп төніп тұр. Еріген қар суының кесірінен бірнеше бағыттағы жол жабылғанына үш-төрт күн болды. Бірнеше ауылға су барды. Жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері күні-түні қам-қарекет жасап жатыр.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2024

18 отбасы баспаналы болды

Мемлекет басшысы же­­тім мен ата-ана қам­қор­­лығынсыз қал­ған балалардың мәселесіне баса назар ауда­рып отыр. Әсіресе олардың бас­­­­па­­намен қам­­ты­луын ерекше тап­сыр­ған-ды. Осы мақ­сат­та Оса­ка­ров ауданы әкімдігі үй кезегінде тұр­ған 18 от­ба­сыға баспана кіл­тін­ табыс­та­ды.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2024

Ақсу-Аюлы тасжолында жүк көліктері жолдан шығып кетіп, аударылып қалды

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, «Қазавтожол» АҚ түстен кейін Ақсу-Аюлы тас жолын уақытша ашып, сол аумақтан 270 жүк көлігі колониясын шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдай • 30 Наурыз, 2024

Теміртауда төтенше жағдай режимі жарияланды

Қарағанды облысы, Теміртау қаласының оң жағалауындағы су құбырында технологиялық ақау болды.

Аймақтар • 29 Наурыз, 2024

Қарағанды облысында жолдарды су шайды

Өңірде су деңгейі көтеріліп, кей жерде арнасынан асып-толып кеткен. Оның ішінде Ақтоғай ауданы Абай ауылы мен Абай ауданы Құлайғыр ауылы да бар.