
Ауыл • 21 Маусым, 2024
Осыдан он ай бұрын Шет ауданының Талды ауылында әкім сайлауы өтті. Оған «Қазақстан» ұлттық арнасының Қарағанды қосынына он бес жыл бойы жетекшілік еткен журналист Нұрлан Әбжанов өз кандидатурасын ұсынды. Осы өңірдің топырағынан өсіп-өнгендіктен халық қолдап, 251 дауыс жинап, әкім болып сайланды.
Білім • 19 Маусым, 2024
Қарағанды аймағының дарынды оқушылары биылғы оқу жылын ойдағыдай аяқтады. Олар осы жылы да халықаралық, республикалық деңгейдегі түрлі жарыстарға қатысып, жобаларын сәтті қорғады. Талантты жастарды қолдау мақсатында жақында ғана ашылған Пришахтинскідегі Оқушылар сарайында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бейресми кездесу өткізіп, олармен емен-жарқын әңгіме өрбітті. Топ жарып жүрген балаларды марапаттап, жарқын жетістіктерге қол жеткізе беруге тілектестігін жеткізді.
Аймақтар • 19 Маусым, 2024
Қарағандыда медицина саласындағы кадр жетіспеушілігін жойып, білікті дәрігерлерді жан-жақты қолдау арқылы өңір медицинасын өркендетуге басымдық беріліп келеді. Мәселен, өткен жылы медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында ауылға барып, қызмет ететін ақ халатты жандарға 1,5 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін сертификат табысталды. Ал күні кеше жас дәрігерлерге баспана кілті салтанатты түрде берілді.
«Таза Қазақстан» • 18 Маусым, 2024
Экомәдениетті қалыптастыру тетігі
Қарағанды облысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысып жатыр. Барлық қала мен ауданда тек сенбілік қана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыратын түрлі іс-шаралар әлі де ұйымдастырылып жатыр. Мәселен, жақында Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде жастардың қатысуымен экологиялық квест өтті.
Қоғам • 18 Маусым, 2024
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, жақында ғана Қарағандыда мүгедектер арбасын жөндейтін алғашқы инва қызмет көрсету орталығы ашылды. Мұндай орталық өңірімізде бұрын-соңды болмаған еді.
Білім • 15 Маусым, 2024
Қарағанды қаласы білім бөлімінің ерекше дәстүрі десек те болады, жыл бойы үздік деп танылған оқушыға «Жыл оқушысы» марапатын табыстайды. Қазылар алқасының шешімімен бұл жолғы жеңімпаз – Қарағандыдағы Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияның 6-сынып оқушысы Тоқтар Кәрібаев.
«Таза Қазақстан» • 14 Маусым, 2024
Астанада «Amanat» партиясының бастамасымен бастау алған ауқымды «Таза Қазақстан» Road-эстафетасына Қарағанды облысы да қосылды. Елордадан шыққан еріктілер Осакаров ауданына жетіп, жол бойынан 4 сағаттың ішінде 13 тонна қоқыс жинады.
Маман • 14 Маусым, 2024
Ана мен баланың саулығы – тұтас ұлттың амандығы деген сөз. Бұл ақ халат киген акушерлердің бойтұмар сөзі, ұстанымы. Әу баста тележурналист боламын деген арманын анасының бір ауыз өтінішімен медицина маманына алмастырған акушер-гинеколог Жарқын Нұркеева осы күні өз кәсібінің кәнігі майталманына айналып үлгерді.
Сұхбат • 13 Маусым, 2024
Бекболат ШӘКІРОВ: Сотталғандарды жұмыспен қамту керек
Өңірімізде қауіпсіздігі әртүрлі 10 түрме бар. Онда жазасын өтеп жатқандардың 1 500-ге жуығы – жұмыссыз. Олар қара жұмыстан қашпайды. Тек жұмыс жетіспейді. «Еңбек-Қарағанды» республикалық мемлекеттік кәсіпорны түрмеге түрлі кәсіп иелерін тартқанымен, сотталғандардың жартысына жұмыс тауып бере алмай отыр. Ал жазасын өтеушілердің сот үкімі кесіп берген 6 млрд 362 млн теңге төленбеген өтемақысы мен 64 млн теңге алименті бар. Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы, әділет полковнигі Бекболат ШӘКІРОВ сотталғандарды сыртқа шығарып, кәсіпорындарға жұмысқа жұмылдыру керек деген ұсыныс айтады.
Экология • 13 Маусым, 2024
Ең басты міндет – экомәдениетті қалыптастыру
Қарағанды облысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысты. Барлық қала мен ауданда тек сенбілік қана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыратын түрлі іс-шаралар әлі де ұйымдастырылып жатыр. Мәселен, жақында Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде жастардың қатысуымен экологиялық квест өтті.