
Аймақтар • 18 Тамыз, 2023
Шахтинск қаласы – Қарағанды облысының ірі өнеркәсіптік аудандарының бірі. Шаһардың электр энергиясын заман ағымына сай таратуда тиісті кәсіпорындарының алар орны айтарлықтай. «Шахтинсктеплоэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Шахтинск қаласын жылумен жабдықтайтын жалғыз қайнар көзі. Жылу электр орталығы қолданысқа 1964 жылы тапсырылған. Қазіргі уақытта жылыту кезеңіне дайындық аясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.