Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
4150 материал табылды

Аймақтар • 04 Шілде, 2025

Түркістан облысында 13 каналға реконструкция жасалды

Облыстың Түлкібас ауданында жалпы ұзындығы 108,7 шақырым болатын каналдың 76,3 шақырымы бетондалса, 32,4 шақырымына механикалық тазарту жүргізілген. Реконструкциялау нәтижесінде 8 632 гектар егіс алқабы қайта игеріліп отыр, аудандағы жалпы суармалы алқап көлемі 16 832 гектарға жетеді. Облысқа жұмыс сапары барысында сала министрі Нұржан Нұржігітов жасалған жұмыстардың нәтижесімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 03 Шілде, 2025

Мәжіліс депутаты Жетісу тұрғындарын қабылдады

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Руслан Қожасбаев өңірлерге сапары барысында 2 шілдеде Жетісу облысына барды. Партияның облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдаған депутатқа тұрғындар ауылдағы орта мектептің техникалық жағдайы, өзен арнасын тазалау және мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді әрі жайлы орта қалыптастыру және тағы басқа мәселелерді айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда • 03 Шілде, 2025

Астанада Нұржол бульвары учаскелері уақытша жабылады

Бас шаһардың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұржол бульварының Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі аралығындағы жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыстарды жалғастыруына байланысты тұрғындар мен қала қонақтарына көлік қозғалысы уақытша шектелетіні хабарланды, деп жазады Egemen.kz.  

Президент • 03 Шілде, 2025

Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы әртараптандыру және құрылымдық жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасанды интеллект • 03 Шілде, 2025

ЖИ базасында алғашқы тегін заңгерлік онлайн-сервис іске қосылды

LegalExpert.kz сервисін – Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ItByDesign компаниясының IT-мамандарының командасымен бірлесіп іске қосты. Жасанды интеллект базасындағы жүйе жұмыс берушімен болған әдеттегі проблемалардан бастап, азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық құқық саласындағы неғұрлым күрделі жағдайларға дейін нақты уақыт режимінде шешуге көмектеседі, деп жазады Egemen.kz.

Энергетика • 03 Шілде, 2025

Қалдықтарды қайта өңдеу жобасы талқыланды

Премьер-министр Олжас Бектенов қытайлық «Хунань Цзюньсинь Хуаньбао» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даогомен кездесу өткізді.  Онда «жасыл» энергетика және қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 03 Шілде, 2025

Tasqyn жүйесі биыл 10 өңірде су тасқыны жағдайын болжаған

Tasqyn ақпараттық жүйесі биыл 14 наурыз бен 18 сәуір аралығында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, яғни 10 облыс бойынша су тасқыны жағдайын болжап, модельдеді. Бұл ретте жүйе Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы нақты су басқан 16 елді мекеннің 9-ына алдын ала болжам жасады, деп жазады Egemen.kz.

ЖОЛДАУ • 02 Шілде, 2025

Үкімет Үштөбенің жылу желілеріне қаражат бөлді

Мемлекет басшысының өңірлердегі инженерлік желілер мен жылу көздерін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет резервінен Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 210 млн теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бокс • 02 Шілде, 2025

Назым Қызайбай әлем кубогінің жартылай финалына өтті

Астанада өтіп жатқан әлемдік доданың сағат 14:00-де басталған күндізгі сессиясында қазақтың үш бұрымды боксшысы жарыс жолына шыққан болатын. Олардың екеуі жеңіске жетіп, біреуі есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 02 Шілде, 2025

Көлік министрлігі асфальт-бетон зауыттарын тексерді

Көлік министрлігі асфальт-бетон зауыттарының жұмысына бақылауды күшейтті. Инспекциялық жұмыстарды автомобиль көлігі комитетіне қарасты жол активтерінің ұлттық сапа орталығы жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.