Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
4122 материал табылды

Оқиға • 25 Шілде, 2025

Астанада мас жүргізуші патрульдік көлікке соқтығысқан

Астана прокуратурасының мәлімдеуінше қалада жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйінде көлік басқарып, полицейлерден қашуға тырысты. Ол бірнеше рет жол қозғалысы ережесін бұзып, ақыры патрульдік автокөлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Шілде, 2025

Түркістанның екі ауданында 74 587 гектар егістік суарылды

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті диқандарды суармалы сумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысымен танысты. Министр Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы трансшекаралық суды бөлетін «Достық» мемлекетаралық каналына барды, су – елімізге бұрын қол жеткізілген халықаралық келісімдерге сәйкес жеткізіліп, Жетісай, Мақтаарал аудандарындағы егіс алаңдарын суаруға пайдаланылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 25 Шілде, 2025

Президент Түркияға ресми сапармен барады

29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушы • 24 Шілде, 2025

Жетісуда жедел жәрдем қызметкерлері жеті жанды өрттен құтқарған

Бүгін Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев Ескелді ауданындағы өрт шыққан үйден 7 адамды құтқарған жедел жәрдем қызметкерлерін қабылдап, облыс әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарын табыстады. Кездесуге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Садықов қатысты. Арнайы қабылдауға аталған ауданның №6/6 жедел жәрдем бригадасы құрамындағы фельдшерлер Ғабит Ерғаж, Дамира Рахимова және жүргізуші Мұрат Сатеков келді, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет • 24 Шілде, 2025

Зәулім үйі, екі көлігі бар отбасы мемлекеттен қолдау алған

Үкімет үйінде өткен бүгінгі жиында әлеуметтік саланы цифрландыру жұмыстары жүріп жатқаны айтылды. Осы орайда журналистер «жәрдемақыларды 6 санатқа бөлу оның қатарын қысқартуға алып келмей ме?» деген сауал қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЖОЛДАУ • 24 Шілде, 2025

Дәрігер қабылдауына электронды жазылу айтарлықтай артқан

Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша Үкімет үйінде өткен баспасөз конференциясында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрігер қабылдауына жазылу мәселесі министрліктің бақылауында екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 24 Шілде, 2025

«Наурыз» және «Отау» бағдарламаларына 220 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша Үкімет үйінде өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев 5,5 мың жас азаматтың жаңа үй алғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 24 Шілде, 2025

Биыл 780 км канал тазартылған

Сала министрлігінің «Қазсушар» РМК филиалдары биылғы жыл басталғалы егіс алқаптарына су жеткізуді тиімдірек ету үшін 780 шақырым каналды механикалық әдіспен тазартты. Аталған жұмыстар вегетация кезеңінен кейін де жалғасып, тағы 1 231 шақырым канал тазартылады, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 23 Шілде, 2025

Бүгінгі жер сілкінісі екі облыс аумағында сезілді

ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 23 шілде, яғни бүгін Астана уақытымен сағат 15:37-де жер сілкінісі тіркелді. Зардап шеккендер және қираулар туралы мәліметтер түспеген, деп жазады Egemen.kz.

Денсаулық • 23 Шілде, 2025

Елімізде 677 МСАК нысаны жұмыс істейді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) орталығының директоры Айгүл Қасымова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.