Қоғам • 14 Тамыз, 2025
Мектепке дейінгі ұйымдарда «Құзыреттілік орталықтары» көбейді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда «Құзыреттілік орталықтары» пилоттық жобасы іске қосылып, озық педагогикалық тәжірибені енгізу, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және ата-аналар, педагогтар мен мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту алаңына айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Тамыз, 2025
Су саласында халықаралық ынтымақтастық нығайып келеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы бері халықаралық әріптестермен 4 келісім және 20 меморандумға қол қойды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында сала министрлігі Франция, Германия, Нидерланды, Испания, Жапония және ҚХР сияқты елдердің халықаралық ұйымдарымен, су саласы мекемелерімен, даму агенттіктерімен және компанияларымен әріптестік орнатты. Су саласын дамытуға гранттар түрінде 14 млн доллардан астам қаржы тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның мәліметіне сілтеме жасап.
Келешек мектептері • 13 Тамыз, 2025
«Келешек мектептерінің» ерекшелігі неде
Деректерге сүйенсек елімізде соңғы жылдары салынған 1200 мектептің 217-сі – «Келешек мектептері» ретінде тіркелген. Оның 105-інің құрылысы аяқталған, ал қалған 112 мектеп 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Осыншама мектептердің салынуы – соңғы 30 жылда болмаған серпін, бұл қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де салынды. Сондықтан, бұл – тарихи рекорд. «Келешек мектептеріне» қабылдау – ата-ананың қалауымен жүзеге асып, кез-келген оқушы өз үйіне жақын орналасқан мектепке құжаттарын тапсырып, білім ала алады, яғни барлық бала үшін қолжетімді. Ендеше ел таңдауына ие болып отырған «Келешек мектептері» басқа оқу орындарынан несімен ерекше? Бұл туралы кеңінен тарқатып көрейік.
Қазақстан • 13 Тамыз, 2025
Қазақстанның астық экспортының географиялық аумағы кеңейді
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің баспасөз мәслихатында мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 13 Тамыз, 2025
Биыл 3,4 млн бала қосымша біліммен қамтылған
Қосымша біліммен қамту бойынша оқушылардың жалпы саны 3,2 млн-нан биыл 3,4 млн-ға дейін артқан. Олардың 62 пайызы (өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары) тегін үйірмелерге барады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Тамыз, 2025
ШҚО тұрғынының көлігінен Қызыл кітапқа енген құс табылды
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер жануарлар әлемін қорғау өкілдерімен бірлесіп өткізген жедел профилактикалық рейд барысында құсты заңсыз алып жүрген тұрғын ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 13 Тамыз, 2025
Заңсыз жер телімі мемлекетке қайтарылды
«AMANAT» партиясының «Жер аманаты» комиссиясы Алматы қаласындағы шағын жер телімі үшін болған дауға нүкте қойды. Қарасай батыр мен Нұрмақов көшелерінің қиылысында орналасқан, өз бетінше қоршалып алынған жасыл аумақ мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 13 Тамыз, 2025
Қазақстандық 10 балуан Болгарияға аттанады
Болгарияның Самоков қаласында грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Тамыз, 2025
СҚО-да интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды
Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен прокуратураның үйлестіруімен Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласында полицейлер 19 бен 24 жас аралығындағы 5 облыс тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 13 Тамыз, 2025
Үкімет Каспий теңізі институтына 305 млн теңге бөлді
Бұл қаржы Мемлекет басшысының Каспий теңізі проблемаларын кешенді зерттеу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КеАҚ-қа Үкімет резервінен бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.