Шаруашылық • 25 Тамыз, 2025
Елімізде 3,1 млн тонна астық бастырылды
Егін жинау жұмыстары 15 өңірде жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласы бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2025
Қорғаныс министрі Абай облысындағы әскери бөлімдерді тексерді
Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жұмыс сапарымен Абай облысында орналасқан әскери бөлімдерге барды. Сапар мақсаты – әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігін тексеру және жеке құрамның қызмет ету жағдайымен танысу, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Тамыз, 2025
Президент Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысына биылғы жеті айдағы сот жүйесі қызметінің қорытындылары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Тамыз, 2025
«Documentolog» заң талаптарын бұзып, құжат алмасуды шектеген - БҚДА
Электрондық құжат айналымы бағдарламалық қамтамасыз етушісі болып табылатын «Documentolog» ЖШС-нің іс-әрекеттеріне қатысты талдау жүргізуге Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне (БҚДА) келіп түскен шағымдар негіз болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 25 Тамыз, 2025
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар саудасы заңмен реттелді
Президент тапсырмаларын орындау үшін 2024 жылғы желтоқсанда нарықтың ашық жұмыс істеу ережелерін орнату үшін бәсекелестік ортаны дамытуға бағытталған Биржалық сауда туралы заң қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Конго Президентінің арнаулы өкілін қабылдады
Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы Президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 25 Тамыз, 2025
Дүкен сөрелерінің 50 пайызын отандық тауарлар құрайды
Үкімет ішкі нарықты қорғауға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған реттеуші шараларды әзірледі. 2025 жылдың мамыр айында тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 25 Тамыз, 2025
Жарты жылда сауда көлемі 8,6%-ға, инвестиция 37%-ға артты
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында сауда саласын дамыту және еліміздің экспорттық әлеуетін күшейту мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде аталды. Президент отандық тауар өндірушілердің позициясын нығайту, шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру, шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасау сияқты нақты міндеттер қойғаны мәлім, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 22 Тамыз, 2025
Бектенов жол сапасына қатысты заңбұзушылықтарды сынға алды
Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған міндеттерді ескере отырып, саланың ағымдағы жағдайы мен даму жоспарлары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 22 Тамыз, 2025
Қазақстандық ескекші жаһандық жарыстың финалына шықты
Миланда (Италия) өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден 50-ші әлем чемпионатында Ұлттық құрама спортшысы Сергей Емельянов финалға жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.