
Қылмыс • 21 Мамыр, 2024
Алматыда киік мүйізін сатпақ болғандар ұсталды
Алматыда 1 212 дана ақбөкен мүйізін сатпақ болған төрт адам ұсталды. Заңсыз әрекет қалалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шара нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шаруашылық • 21 Мамыр, 2024
Тасқын зардабы: Махамбет ауданында егіншілер шығыны толық өтеледі
Атырау облысына қарасты Махамбет ауданында 66 егін алқабы және 27 мал шаруашылығы қожалығы зардап шеккен. Айта кетерлігі, бірде бір мал шығыны болмаған, өйткені, қауіпті аумақтар қожалықтарындағы мал басы толықтай алдын ала бекітілген қауіпсіз жерлерге көшірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 21 Мамыр, 2024
Сарапшылар клубының отырысы өтті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата жанындағы Сарапшылар клубы отырысында елдің экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шараға Дүниежүзілік банктің Қазақстан мен Түрікменстандағы өкілі Андрей Михнев және белгілі экономист Азамат Ағайдаров қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Мамыр, 2024
«Автомектептер»: Емтихан қабылдау бойынша түзетулер енгізілді
Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 21 Мамыр, 2024
Түркістан облысында су есептегіш құралын ұрлаған күдікті қолға түсті
Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы полициясы ұрлық жасаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2024
Құлсары тұрғындары мемлекет көмегіне риза
Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес, Құлсары қаласы тұрғындарының зардап шеккен мүлкін бағалау тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Құлсарының 600-ден астам тұрғыны су басқан мүліктің залалын бағалау нәтижелерін алды. Осы аптаның соңына дейін аталған жұмысты толығымен аяқтау жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2024
Бірнеше жолда Zerek-2 камералары қосылды
20-дан астам жаңа камера жылдамдық асырған жүргізушілер туралы ақпараттарды жібере бастады, деп хабарлайды Egemen.kz аlmaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап.
Ғылым • 20 Мамыр, 2024
Түркі әлемі математиктерінің форумы өтті
Шароф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университеті базасында таяуда Түркі әлемінің математикалық қоғамы (Turkic World Mathematical Society, TWMS) басқарма мүшелерінің көшпелі отырысы өтті. Оған көрнекті ғалым, профессор, Қазақстан Ұлттық Инженерлік академиясының президенті, Түркі әлемі математикалық қоғамының президенті, академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов төрағалық етті және алғашқы пленарлық баяндаманы жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Мамыр, 2024
Grand Prix: Қазақстан пара дзюдо құрамасы 6 медаль еншіледі
Мамырдың 18-19 күндері Тбилиси (Грузия) қаласында пара дзюдодан дәстүрлі Grand Prix додасы өтіп, оған 40-қа жуық елден 150-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 2 қола, барлығы 6 медальмен жалпыкомандалық есепте 2-орын алды, деп жазады Egemen.kz Пара дзюдо федерациясы мәліметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 20 Мамыр, 2024
Сенат Спикері Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасымен кездесті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Нуман Куртулмушпен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев мейманға ілтипат танытып, алапат су тасқыны кезінде бауырлас Түркия елінің гуманитарлық көмек жіберіп, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар Түркия Қазақстанның аса маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Екі елдің Мемлекет басшыларының жоғары деңгейдегі қарым-қатынасының ынтымақтастықты одан әрі нығайтудағы маңызды рөлі аталды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.