ЖОЛДАУ • 27 Тамыз, 2025
Жолдау 2024: Елімізде қоқысты бөлек жинау жүйесі қарқынды түрде енгізілуде
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде қоғамда қалдықтарды кәдеге жарату әдетін қалыптастыру және қоқысты бөлек-бөлек жинау жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің мәліметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 27 Тамыз, 2025
«Таза Қазақстан» акциясы миллиондаған адамдарды біріктірді
Президенттің 2024 жылғы Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы басталғалы елімізде 1 мыңнан астам экологиялық акция өткізіліп, оған 10,4 млн-нан астам адам қатысты, оның ішінде 586 мыңы ерікті, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 27 Тамыз, 2025
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 1,3 млрд-тан астам көшет егілді
Президенттің 2024 жылғы Жолдауын және басқа да тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде кең ауқымда көгалдандыру және орман алқаптарын көбейту жұмыстары жалғасып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің мәліметіне сілтеме жасап.
Бокс • 27 Тамыз, 2025
Жиырма боксшы жаһандық бәсекеде жұдырықтасады
Қыркүйек айының 4-14 күндері аралығында Ливерпуль (Ұлыбритания) қаласында бокстан әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Тамыз, 2025
Президент Рустами Эмомалиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдап, қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі және одақтастық қатынастарын парламентаралық байланыстарды дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар • 26 Тамыз, 2025
«Балақайлар мектебінде» 90 мыңға жуық бала дайындықтан өтті
Жазғы демалыс кезінде бірінші сыныпқа баратын балаларға бірдей бастапқы мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді бағдарламасы – үлгілік оқу бағдарламасының бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Тамыз, 2025
Арнайы мемлекеттік жәрдемақы кімдерге беріледі
Ел алдындағы айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ) төленеді. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, оны алушылардың саны 208 668 адамды құрап, оларға 15,7 млрд теңге төленген. 1999 жылы енгізілген бұл мемлекеттік қолдау түрі – халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 25 Тамыз, 2025
Түзетулердің нәтижесінде конституционализмнің жаңа кезеңі басталды – Индира Әубәкірова
ҚР-ның Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Әубәкірова 2022 жылы қабылданған конституциялық түзетулер туралы айта отырып, жаңартылған Конституция Қазақстандағы конституционализмнің жаңа кезеңін бастауға негіз болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 25 Тамыз, 2025
Конституцияға 30 жыл: 2022 жылғы реформалар қандай өзгеріс әкелді
Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай 2022 жылғы конституциялық түзетулерге түсіндірменің 2-басылымының тұсаукесері өтті. Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Башимов конституциялық өзгерістердің мемлекет пен қоғам үшін маңыздылығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 25 Тамыз, 2025
Астанада өткен әлемдік кітапхана конгресіне 114 елдің өкілі қатысты
«Білімді біріктіріп, болашақты құрамыз» тақырыбындағы IFLA Әлемдік кітапхана және ақпарат конгресі алғаш рет Орталық Азияда өтті. Кітапхана ісіндегі ең ірі халықаралық шараны өткізу құқығы Kazakh Tourism әзірлеген өтінім негізінде, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Astana Tourism және ЖОО кітапханалары қауымдастығының қолдауымен берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.