Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
4277 материал табылды

Шаруашылық • 06 Қазан, 2025

Елімізде бастырылған астық көлемі 20,8 млн тоннаға жетті

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінде 13,3 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 83%-ы жиналып, 20,8 млн тонна астық бастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағайындау • 06 Қазан, 2025

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғани Айдарұлы Майлыбаев 3 қазаннан бастап аталған лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 06 Қазан, 2025

Ел мектептерінде бейіндік сыныптар ашылып жатыр

Мектеп оқушыларының еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына ерте бейімделуін қамтамасыз ету, олардың техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру және кәсіби бағдарын жүйелі түрде қалыптастыру мақсатында 1000 бейіндік сынып құру жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 06 Қазан, 2025

Қостанай облысында суды заңсыз пайдаланған кәсіпорын анықталды

Тобыл-Торғай бассейн инспекциясының мамандары тексеріс барысында аталған облыстың Рудный қаласындағы бір кәсіпорынның ұңғымадан арнайы рұқсатсыз су алып келгенін анықтап, «Суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу» бабы бойынша 1 671 100 теңге көлемінде айыппұл салған. Бұл – аталған бассейн инспекциясы жыл басталғалы салған ең ірі айыппұл, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 03 Қазан, 2025

Су ведосмствосы жанынан үйлестіру кеңесі құрылады

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесті. Іс-шараға Қазақстан Азаматтық альянсының Президенті Бану Нұрғазиева және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Лима Диас қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 03 Қазан, 2025

Қазақстан делегациясы халықаралық III Жастар форумына қатысты

1-3 қазан күндері Минскіде (Белорусь) өткен III Жастар форумына ТМД-ға мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен (ЕАЭО) келген белсенді жастар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері жиналды. Қазақстан атынан студенттік жастар қозғалысының  көшбасшылары сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет • 03 Қазан, 2025

Мемлекет басшысы Нұрғиса Тілендиев ескерткішінің ашылуына орай құттықтау жолдады

Халық қаһарманы, көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, біртуар композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай туған жері – Алматы облысы Өтеген батыр ауылында ұлы тұлғаның ескерткіші бой көтеріп, жаңа мәдениет үйі ашылды. Салтанатты іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев, қоғам және мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен өнер майталмандары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.

Спорт • 03 Қазан, 2025

Е-Sport цифрлық платформасы іске қосылады 

Туризм және спорт министрлігі «Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» (e-Sport) ақпараттық жүйесін іске қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған платформа спортшылар, жарыстар және спорттық нысандар туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай ақпараттық портал ретінде қызмет атқаратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 03 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент • 03 Қазан, 2025

Мемлекет басшысы Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысын қабылдады

Кездесуде Қазақстан мен Халықаралық электр байланысы одағы арасында цифрлық және телекоммуникациялық технологиялар бағытындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.