Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
73 материал табылды

Тағзым • 01 Ақпан, 2024

Реформатор режиссер

Ел астанасында белгілі театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Болат Атабаев туралы түсірілген «Мың жылдық ойын» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Авторы – журналист-жазушы Қанат Тілеухан.

Руханият • 29 Қаңтар, 2024

Санаткер мұраты

Газеттің мәдениет және әдебиет бөлімінде істеген соң, көркем шығарманы талдау, сыни пікір айту, рецензия жазу секілді әдеби ғадеттерден алыс кетпейміз. Әрине, кәсіби сыншы болмасақ та, қадари-халімізше өз ой биігімізден тәуір сөз айтуға тырысамыз. Десек те әр жазар қаламның бағытын айқындайтын беттүзер, ойтүзер, сөз суырар, кейде оталып, шабыттанар, темірқазық бір авторы болатыны анық. Ол өзі ылғи компьютеріңнің маңайында, қолсозым жерде жатады. Күнде жазып жүрген жазуың аяқасты қағазға түспей, қаламың кібіртіктеп, дүниенің азабына айналған сәтте сол бір аяулы кітапқа құшырлана қол жүгіртесің. Енді бір кезде оқып отырған мақалаңды өзің де жаза алатындай арқалана түсіп, жалың күдірейе түседі. Әдебиетшінің қалам-қуатынан күш алып, өз қаламың да жүгіре жөнеледі. Біздің сондай әбден парақталған киіз кітабымыздың бірі – «Шындыққа сүйіспеншілік», авторы – Сағат Әшімбаев.

Таным • 22 Қаңтар, 2024

Сіз білесіз бе?..

Өнер • 17 Қаңтар, 2024

Алаш – комикс тілінде

Бүгінгідей озық техноло­гияның заманында қай салада да ілкімді жаңалықтар ілгерілеп келеді. Өнерде де шектеу, шекара жоқ. Мәселен, жуырда әлеу­меттік желіден аниме (жа­пон мультипликация­сы) стилінде салынған Әли­хан Бөкейханды кө­ріп қалдым. Елең етіп, автор­дың парақшасына кірсем, басқа да тұлғалар мен ақындар образда­ры жаңа формада бейне­леніпті. Қаралымы да жақсы. Демек Алаш қай­раткерлерінің тың сипат­тағы бейнелері халықтың көңілінен шыққаны анық.

Сұхбат • 15 Қаңтар, 2024

«Бала қалауын ескереміз»

Әлемдік статистика бойынша киноиндустрия мен кітап саудасын салыстырсақ, кітап шығару әлдеқайда көбірек пайда әкеледі. Әрине, қазақ қоғамы кітап шығаруда мұндай ғажайып нәтижеге жете қоймаса да, кейінгі уақытта кітап өндірісінің имиджі көтеріле бастағанын байқап жүрміз. Иә, бүгінде елімізде 300-ге жуық бас­па мен 800-ге тарта баспахана жұмыс істейді. Қай баспадан қандай кітап шығып жат­қанын, тауардың сапасы мен мазмұнын, баспалар арасындағы бәсекені дүкендер мен түрлі жәр­меңкеде көріп жүрміз. Мәселен, елордада өткен «Eurasian Book Fair-2023» VI еуразиялық халықаралық кітап көрмесінде «Жылдың ең үздік кітабы» марапатын «Arman-PV» баспасы иеленген еді. Еске салсақ, аталған баспа «Abai» әдеби-танымдық энциклопедиясымен Х халықаралық «Ұлы жібек жолы» көрмесінде де гран-приді қанжығасына байлады. Жуырда өндірісі өрге басып, өнімімен додаларда топ жарып жүрген «Arman-PV» баспасының бас директоры Дидара Әлинамен жолыққан едік.

Қоғам • 03 Қаңтар, 2024

Ертегілеріміз серб тілінде

Қазақ халқының мәдени мұрасын ілгерілету мақсатында Қазақстанның Сербиядағы елшілігі серб тілінде қазақ ертегілерінің жинағын шығарды.

Өнер • 02 Қаңтар, 2024

Қылқалам құдіреті

Өнерлі жанның таланты тағдырына айналса, есін білер-білмес бала кезінен-ақ ұшқынданып, қылаң береді. Әйгілі суретшілердің бәрінің алғашқы шығармашылығы топыраққа, қабырғаға, ақ қағазға түскен шимайдан бас­талды. Қазақстанның халық суретшісі, кескіндеме мен графика өнерінің қайнар бастауында тұрған Әбілхан Қастеев те ең алғашқы суреттерін тасқа қашап салған.

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2023

Бас жүлде қазақ ақынына бұйырды

Жыл соңында ел руханияты тағы да жағымды жаңалықпен толықты. Хайнань аралында өткен Боао 6-халықаралық поэзия фестивалінің бас жүлдесі Қазақстанға бұйырды. Поэзия сыйлығының «Үздік жетістік» аталымын қазақ ақыны Ұлықбек Есдәулет еншіледі.

Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023

Қарақалпақ әндері әуелеген кеш

Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан ағайындардың қай-қайсысының да түп тарихы, өнері мен салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті қазақ елімен тереңнен тамырласып жатыр. Бауырлас халықтардың түрлі тараптағы бекем байланысы бүгінгі таңда да жалғасып келеді. Күні кеше ғана елордада қарақалпақ әндерін тыңдап, мың бұралған биіне сүйсініп қайттық. Әндегі шығыстық әуез тұла бойыңды балқытып, бір сәт Қарақалпақ елінің топырағына алып кеткендей әсерде болдық.

Таным • 25 Желтоқсан, 2023

Мұңлықтың күйі...

Әлқиссаны аңыздан бастайық.Бірде Прозерпина құрбыларымен өзен жағасынан гүл теруге барып, жер­асты құдайының көзіне түседі. Плутон оның Адониске деген сезімін біле тұра, қызды күймеге отырғызып ала қашады. Желмаядай жүйткіген күйменің алдында жер қарс айырылып, сүйгеніне қолы жеткен Плутон өлілер мекеніне еніп кете барады. Алайда Церера жанына жақын, нәзік қызын шарқ ұрып жүріп іздеп тапқан соң, оны қайтарудың амалын ойлайды. Плутон қаламаса да, жіберуге мәжбүр болады. Кетерінде қызға анар ұсынады. Неше күн бойы нәр татпаған тұтқын қыз жемісті қомағайлана жеп қояды. Аңғал ару жерасты құдайы қып-қызыл лағыл іспетті дәндерді «Сүйгенім жерасты патшалығын ұмытпасын, маған қайта оралуды қаласын» деген ниетпен бергенін білмеген еді. Міне, содан бері Прозерпина алты айын тірілер, алты айын өлілер мекенінде өткізеді деседі.