
Медицина • 12 Ақпан, 2024
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті. Дәрігер-хирург Асқар Тұрарбеков пен Абылай Алтайұлы өт-тас ауруымен, дәлірек айтсақ, созылмалы калькулезді холециститпен ауруханаға түскен науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия операциясын сәтті жасап шықты. Операция жаңа құрылғы Mindray 4k бейне эндоскопиялық жүйесі арқылы орындалды.
Қоғам • 08 Ақпан, 2024
Алматы облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 9 мыңға жуық адам тегін қаржылық сауатын арттырмақ. Алты ауданда басталған оқытудың бірі Бәйтерек аулында өтті. Оған 40-қа жуық азамат қатысты.
Медицина • 06 Ақпан, 2024
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2024
Алматы облысына сапармен келген Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Айдарбек Сапаров пен Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы Нұржан Нұржігітов агроөнеркәсібі өркен жайған өңірде суды пайдаланудың маңыздылығы мен түйінді проблемалары төңірегінде сала мамандарымен келелі кездесу өткізді.
Қоғам • 04 Ақпан, 2024
Қайсарлық – қазақ қыздарына ғана тән сияқты. Ананың ақ сүтімен сіңетін бұл қасиеттің ұшқыны тұлымы желбіреп, талшыбықтай өсіп келе жатқан Аймекеннің бойынан анық байқалады.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2024
Жасыратыны жоқ, көше кезген қаңғыбас иттер туралы тұрғындар тарапынан шағымдар жиі түседі. Осыған орай, Қонаев қаласы мен оған қарасты елді мекендерде қаңғыған иттерді аулау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2024
Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығының мәліметі бойынша, 23 қаңтарда сағат 00.09-да эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қырғыз Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекарасында болған жер сілкінісінен бірнеше аудандағы әлеуметтік нысандарға айтарлықтай зақым келген. Осыған орай жергілікті атқарушы органдармен бірлескен арнайы комиссия зақымданған нысандарды аралап шықты. Әлеуметтік маңызы бар 44 нысанның бүлінгені анықталды.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2024
Бүгінде 3,5 мыңға жуық тұрғын мекендеген Самсы ауылына табиғи газ келіп, халық қуанып жатыр. Сарыаязға қарамастан салтанатты іс-шараға ауылдың ақсамайлы қариялары да көптеп жиылған екен. Бәрінің жүзінен қуаныш лебі білінеді.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2024
Жұрт «Жетісудың жеті кереметінің бірі» деп бағалап кеткен Кеген ауданы Шырғанақ ауылындағы «Мұзтаудан» қыстай адам аяғы арылмайтын. Айналаны ақ ұлпа қар басып, сақылдаған сарыаяз жүргенде жазық далаға өзінше көрік беріп, биіктей түсетін «Мұзтаудың» әр жылғы пішіні де әртүрлі болып, көптің аса қызығушылығын тудыратын. Оған алыс-жақыннан, тіпті осы өңірге сапарлайтын туристер де толассыз келетіндігін жергілікті тұрғындар жиі айтады. Қыс айларында мұндай ғажайыпты көруге көршілес Райымбек ауданының тұрғындары да құмартатын еді. Енді олардың өз «мұзтаулары» бар.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024
Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Максим Рожин Алматы облысына жұмыс сапары барысында Жамбыл ауданында орналасқан «Алтын қадам» өндіріс ошағының тігіншілерімен жүздесті. Олар Әділетті Қазақстанды құру ісіндегі әйелдер рөлін талқылады.