
Бизнес • 22 Сәуір, 2024
Кәсіпкерлер қызығушылық танытып келеді
Табиғаты тартымды, өнеркәсіпке қолайлы өңір Алматы облысының инвестициялық тартымдылығы уақыт өткен сайын жоғарылап келеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2024
Алматы облысында зиянкестерді жою жұмыстары жалғасып жатыр
Көктем келіп, көк көтерілгелі Ағанас жазығын сары түске бояған шытыргүлдер жолаушылардың қызығушылығын тудырған болатын. Бірақ, ол көрініс көпке бармады. Бұл алқапты шытыргүлділердің жапырақ жемірі аталатын құрт жайлап, ауыл тұрғындары мен шаруашылық иегерлерін аяғынан тік тұрғызды. Ауыл азаматтарын алаңдатқан зиянкестірді жою жұмыстары бүгінде қарқынды жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2024
Былтыр Алматы облысының орталығы Қонаев қаласының бас жоспары бекітілгені белгілі. Аталған құжатқа сәйкес, Абай көшесі арқылы Арна мен 10-шағын ауданды жалғастыратын жол салынып жатыр. Құрылысқа жауапты мердігер – «Асар строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге елдің түкпір-түкпірінен көмек легі толассыз ағылып жатыр. Гуманитарлық көмектен өзге, ауыр техникалар аса қажет болып тұр. Осы орайда Қонаев, Алматы қалаларындағы стансалардан Батыс Қазақстан облысына жөнелтілетін арнайы және инженерлік техникалар тізбегі жасалды.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Алматы облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысып, өңір әкімінің қолдауымен жағажайларды, саябақтар мен гүлбақтарды тазалауға білек сыбана кірісті. Мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдардың қызметкерлері бастамаға бір кісідей атсалысып, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуда бірлігін көрсете білді.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге елдің түкпір-түкпірінен көмек легі толассыз жеткізіліп жатыр. Гуманитарлық көмектен өзге, ауыр техникалардың қажеттілігі де арта түсті. Осыған орай Қонаев және Алматы қалаларындағы станциялардан Батыс Қазақстан облысына су тасқынымен күресу үшін арнайы және инженерлік техникалар тізбегі жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 15 Сәуір, 2024
Еліміздің батыс өңіріндегі қарғын судың астында қалған ауылдардан эвакуацияланған 170 бала Алматы облысындағы лагерьлерге келіп, орналасты.
Еңбек • 14 Сәуір, 2024
Қарасай ауданындағы «Еco Сultura» жылыжай кешені бүгінде отандық кәсіптің өркендеуіне сүбелі үлес қосып отыр. Жалпы аумағы 7 гектарды алып жатқан ірі кешенде көз жауын алатын гүлдің сан түрі жайқала өседі. Соның ішінде ерекше назар аудартқаны – хризантема, яғни бақыт гүлі. Жылыжай кешеніндегі мамандардың айтуынша, бұл сорт еліміз бойынша алғаш рет өсіріліп, халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында нарыққа шыққан.
Ұлттық спорт • 11 Сәуір, 2024
Жуырда қасиетті Қарадала өңірінде ат құлағында ойнайтын спортшылардың байрақты бәсекесі ұйымдастырылды. Көнеден жібі үзілмей жалғасып келе жатқан көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу сынды ептілік пен жылдамдықты паш ететін ұлттық ат спорты түрлерінен облыстық чемпионат өтті.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Көмек қолын созғандар көбейіп жатыр
Қарғын су басқан аймақ тұрғындарына жиналған гуманитарлық көмек бүгінде 30 тоннадан асты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.