
Аймақтар • 03 Сәуір, 2024
Наурыз айының аяғында Іле ауданы Байкент ауылдық округіне қарасты «Ворошилов» су қоймасының бөгеті жарылып, маңайдағы елді мекендерге қауіп төндірген еді. Жарылған жердің ені шамамен 5 метрді құрады. Бүгінде бөгеттер нығайтылып, су қауіпсіз деңгейге түсті.
Төтенше жағдай • 02 Сәуір, 2024
Бүгін Алматы облысында қар көшкіні жүріп, жолды жауып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Алматы облысында қауіп сейілді
Осы жылғы 30 наурызда түс ауа Іле ауданы Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды. Жарылған бөгеттің ені шамамен 4-5 метрді құрайды. Ағын су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасы бойынша ағып, одан әрі Амангелді 1 және Амангелді 2 тоғандарына құйылуда, онда барлық шлюздер ашық, су транзиттік режимде өтуде, одан әрі су Қаскелең өзеніне және одан әрі Қапшағай су қоймасына құяды. Толып кетудің алдын алу бойынша үнемі бақылау және мониторинг жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 28 Наурыз, 2024
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Талғат Ескендірұлы Байеділов Еңбекшіқазақ ауданының әкімі лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 19 Наурыз, 2024
Алматы облысы Қарасай ауданында өткен жылы ғана қолданысқа берілген заманауи Олимпиадалық даярлау орталығында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты салтанатты түрде ашылды.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2024
Жұртшылық асыға күткен көгілдір көктемнің ұлы мерекесі – әз Наурыз Қонаев қаласында да кең көлемде басталды. Қала жұртшылығы «Көрісу күнін» айрықша атап өтті. Ұлттық салт-дәстүрімізбен қатар, ұлттық тағамдарымызды насихаттау мақсатында «Бауырсақ party» ұйымдастырылып, қала қонақтарына дәмі тіл үйірер 2000 келі бауырсақ пісіріліп, үлестірілді.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2024
Көктем келгелі қарғын судан келер қауіптің алдын алу мақсатында Алматы облысында бірқатар жұмыс атқарылды. Бұл мақсатта су тасқыны кезеңіне дайындық іс-шаралары жоспары бекітілген.
Айбын • 14 Наурыз, 2024
Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округіндегі 97617 әскери бөлімде «Әскер болғым келеді» атты іс-шара ұйымдастырылды. Басқосудың мақсаты – жастардың бойында патриотизмді қалыптастыра отырып, жоғары моральдық-психологиялық қасиеттерге тәрбиелеу, жас ұрпақты әскери қызметкердің жұмысымен және оның қыр-сырымен таныстыру.
Медицина • 11 Наурыз, 2024
Оқыс жағдайдағы сәтті операция
Кешегі күнгі жер сілкінісі кезінде ақ желеңді абзал жандардың антына адалдығы мен өз ісіне беріктігі қызу талқыланып, операция үстеліндегі жұмыстарын еш алаңсыз сәтті аяқтап шыққандарына жұрт алғысын жаудырды.
Өнер • 10 Наурыз, 2024
Әдемілік әйелге тән. Көктемнің қызғалдағындай құлпырып кететін қыз-келіншектердің ажарын ашатын алқа, жүзік, сыңғырлы сырғасын жасауда өзіндік өрнегін қалыптастырып, бәсекелестікте бәсі жоғары тұратын қолөнер шебері Меруерт Ермекованың есімі елге таныс. Қолөнер шеберінің «Алтын тас» аталатын брендтік бұйымдары әрдайым сұранысқа ие. Табиғаты көркем Талғар қаласында тұратын Меруерттің көрер көз қызығарлық сәукеледен бастап, білезік, шекелік, өңіржиек, алқа, шашбау сынды әшекей бұйымдары еліміздің әр түкпіріне жөнелтіледі. Қолөнер шеберінің осы жылдар ішінде жасаған жүздеген бұйымдары өз тұтынушыларын тапқан.