Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
542 материал табылды

Кино • 29 Қазан, 2024

Фильмнің әрін келтірген әндер

Музыка – киноның ажырамас қосалқы бір бөлігі. Кино әуелде мылқау болып басталғанымен, кейін оны музыкасыз елес­тету мүмкін болмай қалды. Кезеңдердің сынағынан өткен кейбір фильм музыкасының ерекшелігімен есте ұзақ сақталып келеді. Мұның жарқын мысалын ертеректе түсірілген қазақ фильмдерінен де кездестіруге болады. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының «Қазақ киносына саяхат» атты концерт ұйымдастырудағы мақсаты да сол, ұлттық киноның өткен тарихына шолу жасап, аңызға айналған фильмдерде шырқалған ән мен күйді ұмыттырмай, көрермен жадында қайта жаңғырту болғаны анық.

Өнер • 24 Қазан, 2024

«Аспандағы» аңсар

Жер – ана болса, Аспан – әке іспетті, бірін-бірі айналған егіз кеңістік арасы ендік пен бойлықтармен ұштасып жатса да, жер бетінің жұмбағы мен заңдылығы сонау зеңгір көктен басқарылатындай, адам баласы аспанды құдіретті санаған әдетінен әлі жаңылысқан жоқ. Күн сайын арайлап ататын таң мен кешке мұнартып бататын күннің мекені де көк аспан. Жиегі көрінбейтін шетсіз-шексіз аспанды періштелер көктеп жүреді деген сеніммен бала біткен көзі талғанша көкке қадалып, арманын аспанға қарап айтады. Аспан – еркін әлем, арман мен қиялды тоғыстырып, төңкеріліп түскен көк теңіз.

Өнер • 17 Қазан, 2024

Атақты хореограф – Абай театрында

«Британия империясы» орденінің кавалері, әлемге әйгілі биші, хорео­граф Акрам Хан елімізге келіп, Абай атындағы Қазақ ұлттық ­опера және балет театрында бірнеше күн шеберлік сабағын өткізді. Жаңалығы мол қойылымдарымен би әлеміне жаңа серпін берген өнерпаз қазақ елі әртістерінің тәжірибесін толықтырып, тереңдете түсті.

Музей • 11 Қазан, 2024

«Анаға құрмет» – айрықша музей

Осы уақытқа дейін ана мен баланың, отбасылық құндылықтардың маңызын насихаттап, ұлттық дәстүрді жаңғыртуға үлес қосып жүрген «Анаға құрмет» музейі биыл алғашқы 10 жылдық мерейлі белесін атап өтті.

Архив • 07 Қазан, 2024

Әлем елдерінің архившілері Алматыда

1-4 қазан аралығында Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві ұйымдастырған «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» тақырыбындағы ІІ Архившілер конгресі өтті. Архившілер конгресінің Қазақстан-Британ техникалық университеті ғимаратының «Тәуелсіздік залында» өтуінің тарихи мәні зор. Осы залда 1990 жылы мемлекеттің «Егемендік туралы» декларациясы қабылданған. Биыл екінші рет өткізіліп отырған конгресс қатысушыларының қатары БҰҰ, ЮНЕСКО, Халықаралық архивтер кеңесінің лауазымды тұлғаларымен толықты. Конгресс жұмысы ТМД, Орталық Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс, Еуропалық одақ, АҚШ – жалпы саны 20 елден келген архив қызметінің басшылары мен қызметкерлерінің, ғалымдар мен жетекші сарапшылардың басын қосты. Сондай-ақ төрт күнге созылған дүбірлі жиынға еліміздің 150-ден аса орталық және облыстық архив, білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Мәдениет • 03 Қазан, 2024

Торқалы тойда 126 ардагер марапатталды

1934 жылы ұлттық, әлемдік классикалық мәдени мұраны насихаттау мақсатында құрылған Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры өзінің 90-маусымын тарих бетіне өрнектеді. 90 жылдық тарихында 300-ден аса шығарманы сахнаға шығарған қазақ өнерінің қара шаңырағы мерейлі белесін тыңғылықты дайындықпен қарсы алып отыр. Атаулы күнге орай саналы ғұмырын киелі сахнаға, шығармашылыққа қызмет етуге арнаған театрдың 126 майталман маманы арнайы төсбелгімен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Архив • 01 Қазан, 2024

Архивке арналған пошта маркасы

1-4 қазан күндері Алматы қаласында өтетін «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» II конгресі қарсаңында Президент Архивінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркасы арнайы таныстырылды. Салтанатты рәсім Президент архивінің ғимаратында өтті. Арнаулы пошта маркасын таныстыру рәсіміне Президент архивінің директоры Әлия Мұстафина мен «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова қатысты.

Инновация • 27 Қыркүйек, 2024

Архивті жаңартатын инновация

Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында атап көрсетілген тоғыз басым бағыт­ты іске асыру барлық салада – экономика, көлік, өндіріс, білім беру, мәдениет және өзге де маңызды салаларды цифр­лық жаңғырту жағынан дамыту көзделіп отырған жауапты кезеңде IT-технологияларды қолдану мүмкіндігінің жаңа көк­жиек­терін ашу міндеті де өткір сезілетінін байқау қиын емес. Қазақ­стан Президенті Архиві, Satbayev Universiti және Yandex Qazaqstan бастамасымен ұйымдастырылған «Archive Hack: Ақылды архив» алғашқы архивтік хакатоны ел Прези­денті атап өткен елеулі салаларды сандық технологиямен бай­ланысты өркендету мұратына қолдау білдіре отырып, техни­калық университет шаңырағында архив ісіндегі жаңа цифр­лық шешімдерді болашақ жас мамандардың мүмкіндігімен бірлесе іздеуге шақырды.

Көрме • 26 Қыркүйек, 2024

Зергер соққан дүние...

Қолөнершілер одағының мүшесі, белгілі зергер, сәндік-қолданбалы өнердің танымал өкілі Серікқали Көкенов – зергерлік өнердегі көне әдіс-тәсілдерді қайта жаңғыртып, заманына қарай дем беретін дарын иесі. Оның туындыларында біздің дәуірімізге дейінгі ІV-III ғасырларда қазақ жерінде кеңінен қолданылған бүртіктеу және сіркелеу сынды көне әдістер басым.

Қоғам • 18 Қыркүйек, 2024

Кітап әлеміне айналған фестиваль

14-15 қыркүйекте Алматыдағы Арбат алаңы әркім іздегенін тапқан нағыз кітап патшалығына айналды. Алматы әкімдігі Мәдениет басқармасы және қаланың Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қолдауымен «Baurzhan foundation» қоры ұйымдастырған «Kitap Fest Almaty» кітап фестивалі өзінің онжылдығын атап өтті. Еліміздің кітап нарығындағы ең ірі фестиваль қала күні қарсаңында мегаполистің мәдени мазмұнын тереңдете түсті. 2014 жылы бастау алған фес­тиваль бүгінде әдеби мәдениетті насихаттаудың бірегей платформасы ретінде танылған және бұл дәстүрден биыл да жаңылған жоқ. Ерекшелігі сол, фестиваль 10 жылда алғаш рет екі күн қатарынан өтті, бұл мегаполистің кітапсүйер қауымын қуантпай қоймады.