Зейін ЕРҒАЛИ
Зейін ЕРҒАЛИ«Egemen Qazaqstan»
64 материал табылды

Қоғам • 12 Ақпан, 2024

Вандализм – қоғам дерті

Елімізде ескерткіштерді қирату,түрлі нысандарды бүлдіру, сындыру фактілері жиілеген. Былтыр вандализм жасаған 5 мыңнан аса адам анықталған. Бұзақылар ұсталған жағдайда жазасыз қалмайтыны түсінікті. Бірақ көшедегі жүгенсіздік «қоғамдық эпидемияға» айналмас үшін не істеу керек?

Жұмыс • 01 Ақпан, 2024

Жұмыссыздық: Ниет пен көмек

Ұлттық статистика бюросының соңғы дерегінде елдегі жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,3 пайыз деп көрсетілген. Бұл санды 2022 жылмен салыстырсақ (3,9%), көрсеткіш сәл төмендеген. Бірақ жыл сайын жаңа бағдарламадан үміт күтіп, ескіден түйін шығарсақ та қоғамды кәсіпке баулу, іс қылып, қызмет қылу қиындап барады. Мәселенің мәні неде?

Волонтер • 31 Қаңтар, 2024

Кәсіби волонтерлер топтасады

Елімізде кәсіби еріктілердің мобильді тобы құрылады. Бастаманы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі бірге қолға алған. Қазір қос сала өкілдері оқыс оқиғалардың алдын алып, салдарын жоюда ескерілетін арнайы алгоритмді әзірлеп жатыр.

Мирас • 23 Қаңтар, 2024

«Talapai» – креативті ойын

Біздің қоғамға креативті экономиканың затынан гөрі аты жақсы таныс. Мемлекет те салаға ел индустриясын өрге бастайтын ерекше бағыт ретінде қарайды. Содан болар, 2024 жыл шығармашылық сала өкілдерін қанаттандыратын жағымды жаңалықпен басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет арнайы қаулы шығарып, креативті индус­трия субъектілеріне салықты жеңілдету талабы қабылданды. Сәйкесінше, 40 қызмет түрі КТС, жеке табыс салығы, ҚҚС төлеуден босатылды. Бұл өз кезегінде дарынымен дараланатын азаматтардың әл-ауқатына, өндіріп жұмыс істеуіне екпін берді. Осыған орай ұлттық ойындардың нарықтағы әлеуетін жаңғыртып жүрген Айнұр ПОЛАТОВАМЕН жолығып, былтыр көпті таңғалдырған «Talapai» жобасы туралы егжей-тегжей сұраған едік.

Қоғам • 17 Қаңтар, 2024

Үйсіздік пен күйсіздік

Биыл жастарды тұрғын үймен қамту бағдарламасына бюджеттен 50 млрд теңге бөлінді. Осылайша, 35-ке дейінгі отандастарымыздың баспаналы болуы үшін жеңілдетілген ипотекалық несие беру жалғасады. Ендеше 2024 жылы қай өңірдің азаматтары қоныстой тойлайды? Бұрынғы бағдарламалардан да тиімді жүйе қарастырылған ба?

Волонтер • 01 Қаңтар, 2024

Волонтер жылы: Жанашырлық пен жәрдемдесу

2024 жыл ТМД елдерінде Волон­терлік қозғалыс жылы деп жарияланды. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Бішкектегі Достастық мемлекеттер басшыларының кеңес отырысында қолдаған еді. Сондай-ақ Президент еріктілердің жыл сайынғы форумын өткізуді және оған ТМД-ның тұрақты алаңы мәртебесін беруді ұсынды. Ізінше тараптардың Үкімет басшылары бас қосып, іс-шаралар жоспарын белгіледі. Ұрпаққа ұлттың ұлы қасиетін дәріптеуге баулитын шешім Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Мәскеу қаласына сапары барысында тиянақталды.

Сенат • 27 Желтоқсан, 2023

Адам құқын қорғау тетіктерін күшейту қажет

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төраға­лы­ғы­мен Сенаторлар кеңесінің отырысы өтті. Іс-шара барысында конституциялық заңдар мен Мемлекет бас­шысының тапсырма­ла­рын іске асыру аясында адам құқық­­тарын қор­ғауды одан әрі күшейту мәсе­ле­ле­рі та­л­қыланды.

Тарих • 25 Желтоқсан, 2023

Астрахан Гулагі

Ғалымдар Гулаг жүйесіндегі «Прорва» (Астрахан) еңбекпен түзеу лагерьлеріне қатысты жаңа деректерді тапты. Бұл – қазақ жеріндегі «Казлаг», «Карлаг» еңбекпен түзеу лагерьлерінен кейін елімізде 1932-1950 жылдар аралығында жұмыс істеген сталиндік үшінші жазалау мекемесі.

Білім • 11 Желтоқсан, 2023

«Болашақ» белесі

«Болашақ» халықаралық бағдарламасына – 30 жыл. Осынау мерейлі белес­те бағдарлама түлектері салтанатты форумда бас қосты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев стипендиаттарға арнайы құттықтауын жолдады. Жиында көрме ұйымдастырылып, жас ғалымдардың ғылыми еңбектері таныстырылды.

Жастар • 07 Желтоқсан, 2023

Ізгі ниетті жандар

Қысқы мейірімділік аптасы жалғасын тапты. Қоғамға ізгі ниетті жан­дар­дың еңбегін насихаттауды көздеген науқан еліміздің әр өңірінде ұйымдастырылып жатыр. «Жастар рухы» жастар қанаты астаналық ардагерлерге, тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына жәрдем беріп, елордада «ТазаLike» акциясын өткізді.