Қызғалдақ АЙТЖАН
Қызғалдақ АЙТЖАН«Egemen Qazaqstan»
130 материал табылды

Спорт • 09 Ақпан, 2023

Ардагер спортшыға – Президент алғысы

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентінде тұратын 73 жастағы спорт­шыға Президенттің Алғыс хаты, сыйлыққа сағат және Бу­рабай демалыс үйіне жол­дама табысталды.

Аймақтар • 08 Ақпан, 2023

Алғыс арқалаған «Ақжан»

Жылдар бойы сәби арман­даған жандарға «Аңсаған сәби» бағдарламасы ба­қыт сыйлағаны рас. Бұл – перзент сүюден күдер үзгенде көп көңілге жұба­ныш пен қуаныш бұйырт­қан бағдарлама. Биыл Қа­ра­ғанды облысында мем­лекеттік әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қоры аясында ЭКҰ-ға 403 квота бөлінді.

Ауыл • 07 Ақпан, 2023

Ауылға әл беретін несие

Ауылдағы ағайынның табысын арттыруды мақсат тұтқан тың жоба арқылы Қарағанды аймағында алдағы уақытта 11 мың шағын несие беріледі. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз. Кәсіп қылғысы келгенге арзан несие, шын мәнінде, зор көмек.

Экономика • 06 Ақпан, 2023

Жалған урбанизацияны қалай реттейміз?

Наурыз айында ауылды дамытуға арналған бесжылдық тұжырымдама қабылданады. Бұл – Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. Негізгі, ауылдың жылдар бойы қордаланған мәселесін шешу үшін бір бесжылдық аздық етеді. Десек те бірінші бесжылдықта берекесі кеткен көп ауылдың бетін бері қаратып алсақ, соның өзі олжа болғалы отыр. Содан соң қат-қабат проблемасы біртіндеп шешілер деген үміт бар.

Қазақстан • 02 Ақпан, 2023

Жаһанды жаулаған «синтетика»

БҰҰ-ның есірткі және қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының синтетикалық есірткі саудасы туралы былтырғы ақпары адам шошытады. Басқарма бұл кеселдің Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде күшейіп бара жатқанын мәлімдеді. Шошытатын себеп – мұндағы сауда айналымы 2021 жылы рекордтық көрсеткішке жеткен.

Аймақтар • 01 Ақпан, 2023

Жаңа көліктер табысталды

Мұқым қазақ үшін қасиетті Қарқаралыда денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, бірнеше көлік кілті тапсырылды. Атап айтқанда, Қарқаралы ауданының медицина қызметкерлеріне екі жаңа жедел жәрдем көлігі сыйға тартылды, сондай-ақ мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөліміне екі шағын автобус сатып алынды.

Ауыл • 30 Қаңтар, 2023

Абыройлы Ағзам ақсақал

Қарағанды аймағында ішімдік сатпайтын әрі татпайтын ауыл Тікенекті деген ауыл бар. Нұра ауданына қарасты бұл Тікенектінің екі жылда бірде-бір қылмыс жасамаған үлгілі ауыл екенін жазғанбыз. Мұның өзі елең еткізетіндей жаңалық еді. Енді трактордың құлағында ойнаған 84 жастағы ақсақалы ауылды қардан аршып, жұрт аузында жүр. Бұл – ғұмыры егін алқабында өткен, нәпақасын маңдай терімен тапқан қария.

Аймақтар • 30 Қаңтар, 2023

Тағы да тариф туралы

Екібастұз мұз құрсанбағанда, елдегі жылу электр орта­лық­тарының шынайы жағдайы әлі күнге дейін жабулы қазан күйінде қалар ма еді, кім білсін? Десе де, елдегі жылу энергетикасындағы апаттар ақиқаттың бетін ашты. Қан­нен-қаперсіз қол қусырып отырудың соңы ауыр салдарға апаратынын көрсетті. Бұл ретте қысы қы­ты­мыр Қарағанды жылу энергетикасының 50-70 пайы­зы тозып тұрғанын ойға алсаң, аза бойың қаза болатыны да шындық.

Аймақтар • 24 Қаңтар, 2023

Пойыз апатының залалы

Жаңа жыл алдында, дәлірек айтқанда, 28 желтоқсанда астық тиелген 19 вагон рельстен шығып кетіп, мыңдаған тонна бидай ақ қар, көк мұзға шашылды. Қарағанды облысының Қарабас стансасында болған оқыс оқиғаның әлі күнге тараптарды пәтуаластырар бір байламы шыққан жоқ.

Қоғам • 24 Қаңтар, 2023

IQALA коммуналдық қызметті үйлестіреді

Қазіргі таңда онлайн жүйе көптеген қызметті оңайлатты. Бұл ретте «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының маңызы зор. 2022-2025 жылдарға жоспарланған жобаның былтыр алғашқы жылы мәреге жетті. Қарағанды аймағында осы бағытта жоспарлы жұмыстар жүзеге асты.