Аймақтар • 23 Шілде, 2022
Түркістан облысында биылдың 6 айында ана өлімі тіркелмеді
Түркістан облысында өлім-жітім көрсеткіші 10%-ға төмендеген, биылдың 6 айында ана өлімі тіркелмеген. Денсаулық сақтаудың басым бағыттарының бірі ана мен баланы қорғау болып қала береді. Сондықтан қазір еліміздегі перинаталдық қызмет деңгейін көтеруге басымдық беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 8 перзентхана, оның ішінде Түркістан облысының Сарыағаш және Ордабасы аудандарында 2 перзентхана салынады.
Білім • 10 Шілде, 2022
Оқу-ағарту министрі өңір тұрғындарымен кездесті
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңір тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Бұл жиында ведомство басшысы 500-ден аса тұрғынның сауалына жауап берді.
Қазақстан • 03 Шілде, 2022
Жаңа саяси мәдениетті құрудағы маңызды қадам
Президент тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың басшылары өңірлерде халықпен кездесуді өткізуде. Бұл – мемлекет пен қоғамның өзара сенімі мен құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті құрудағы өте маңызды қадам. Спикерлер халықпен кездесу – демократияландырудың, бүкіл мемлекеттік биліктің транспаренттілігін арттырудың және атқарушы органдардың жауапкершілігінің тағы бір дәлелі екенін айтуда.
ANTIKOR • 01 Шілде, 2022
Шымкентте 58 парақорлық фактісі тіркелген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бірінші жартыжылдықта 76 қылмыс тіркеген, оның 90%-ы сыбайлас жемқорлық сипатында, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Маусым, 2022
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес құқық қорғау органдарының қылмыстық қудалау қызметін модернизациялау басталған болатын. Яғни азаматтардың құқығын қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі құру мақсатында полиция, прокуратура мен сот өкілеттіктерінің аражігі нақты ажыратылған қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілді.
Медицина • 22 Маусым, 2022
Үздік ауруханада үлгілі іс көп
Адамдардың мүлде ауырмағаны жақсы, әрине. Дегенмен науқастанып қалғандардың бүгінде сапалы емдейтін, білікті дәрігерлері бар ауруханаға немесе емханаға таңдау жасайтыны мәлім. Бұл орайда көпшілік Түркістан облыстық клиникалық ауруханасын таңдайды екен.
Аймақтар • 22 Маусым, 2022
Мұхтарханның ізбасарлары мықтылығын танытты
Түркістан қаласындағы «Олимпик» спорт сарайында Қазақстан, Өзбекстан, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінің кіл мықты былғары қолғап шеберлері арасында xалықаралық турнир өтті.
Қоғам • 22 Маусым, 2022
«Түркістан дауысы» мәреге жетті
Түркістанда биыл екінші рет ұйымдастырылған республикалық «Түркістан дауысы» ән байқауы өз мәресіне жетті. Еліміздің әр өңірінен келген жас әншілер Қазақстан композиторларының және өзі таңдаған шығарманы вокалды-аспаптық ансамбль сүйемелдеуімен орындап шықты.
Медицина • 16 Маусым, 2022
Қарт Қаратаудың етегінде жатқан қаладағы аурухана 103 мыңнан астам халыққа медициналық көмек көрсетеді. Сапалы қызметімен емделушілер тарапынан оң бағаланып жүрген медициналық мекеменің, әсіресе хирургтері мықты екенін айтушылар аз емес. Соның бір дәлелі – күні кеше кәсіби мереке қарсаңындағы марапаттауларда Кентау қалалық орталық ауруханасының дәрігері Жәңгірхан Оразбақов «Үздік хирург дәрігері» атанды.
Аймақтар • 16 Маусым, 2022
Өңірдің дамуында оң өзгеріс көп
Облыс болып құрылған төрт жылдың ішінде халқының саны 285 216 адамға көбейіп, 2 269 185-ке жеткен Түркістан облысында экономиканың басты көрсеткіші саналатын жалпы өңірлік өнім 2018 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге артып, 2,8 трлн теңге болған. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгеріс көп.