Саясат • 12 Ақпан, 2026
Стратегиялық маңызды теміржол желісі іске қосылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздегі тауардың 60 пайызы теміржолмен тасымалданатынын, сондықтан теміржол желілерін барынша дамыту – айрықша маңызды міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ Президент биыл «Мойынты – Қызылжар», «Дарбаза – Мақтаарал» бағытындағы жаңа теміржол желілерін іске қосуды міндеттеді. Бұл орайда жұмыстың қарқынын бәсеңдетуге болмайтынын ескертті.
Экономика • 10 Ақпан, 2026
Баға тұрақтылығы – басты назарда
Түркістан облысында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жоспары іске асырылып жатыр. Соның нәтижесінде өңірде кеш мерзімде пісетін 79,4 мың тонна картоп өндіріліп, ішкі қажеттіліктің 74 пайызы қамтамасыз етілді. Бүгінде тұрақтандыру қорында 6,8 мың тонна картоп қоры жинақталған.
Білім • 03 Ақпан, 2026
Түркістан облысының шалғай ауылдарында білім алып жатқан оқушылар республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысып, заманауи мәселелерге үн қоса ізденімпаздығын танытып келеді. Ауыл мектептеріндегі оқушылардың қалалық құрдастарымен қатар бәсекеге түсуі – білім сапасы мен ақпаратқа қолжетімділіктің артып келе жатқанын білдіреді. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған жұмыстардың нәтижесінде еліміз бойынша 1,1 млн-нан астам оқушының білім алу жағдайы жақсарған.
Еңбек • 28 Қаңтар, 2026
Өндіріс мамандарына сұраныс көп
Түркістан облысында еңбек нарығына жүргізілген мониторинг нәтижесінде техникалық, өндірістік, ауыл шаруашылығы бағытындағы мамандықтар бойынша жұмыспен қамту деңгейі 90-100 пайыз аралығын құрайтыны айқындалды. Бұл өңірдегі нақты секторға қажетті кадрларға сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026
Жыл басынан бері өңірдегі бірқатар ауданда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) қатары көбейіп, шалғайдағы ағайынның денсаулығын жақсартатын нысандар жаңарды. Мәселен, Мақтаарал ауданында бір мезетте үш бірдей емдеу мекемесі есігін айқара ашты.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2026
Қаңтарда қызылша мен қырыққабат егеді
Түркістан өңірінде ерте басталатын көктемгі дала жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр. Ал Мақтаарал ауданының шаруалары қаңтардың қақ ортасында ерте пісетін көкөніс дақылдарын егу жұмыстарына кірісіп те кетті.
Экономика • 20 Қаңтар, 2026
Тоқыма өндірісі тоқыраудан шыға бастады
Ілгеріде мақта өндірісін дамытуға қажетті деңгейде мән берілмеуі салдарынан өңдейтін өндіріс ошақтары қалыптаспағаны, «ақ алтын» өсіретін бірден-бір өңір – Түркістан облысындағы өзекті мәселелерді сараптап, газетімізге «Тоқыма өнеркәсібі тоқыраудан қашан шығады?» тақырыбында мақала жазған едік. Сол сараптамада зауыттардың дені тек мақта талшығын өңдеп сатумен ғана айналысатыны туралы жазылған болатын.
Тағзым • 24 Желтоқсан, 2025
Абайтанушыға арналған ғылыми жиын
Көрнекті абайтанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының ғылыми мұрасына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция ғалымның туған жерінде өтті.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2025
Түркістанның «Дара ұрпақ» театры
Түркістанда инклюзивті бағыттағы «Дара ұрпақ» театры ашылды. Театрдың ашылу салтанатында ерекше жандардың қатысуымен «Жарық» мюзиклінің премьерасы сахналанды.
Экономика • 13 Желтоқсан, 2025
Мемлекеттік грант – кәсіпкерге берілген мүмкіндік
Мемлекет тарапынан қолдау тауып, өз кәсібін ашқан грант иегерлері қазіргі таңда халықтың әлеуметтік осал топтары қатарынан шығарылып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға үлес қосып келеді.