
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020
Түркістан облысында 1522 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылған
Қызметкерлердің 865-і ішкі конкурстар арқылы басқа лауазымға тағайындалуына байланысты, 50-і теріс себептермен, басқа себептермен 284 маман және таза ауысымдылық бойынша 323 қызметші жұмыстан босатылған.
Әдебиет • 25 Қаңтар, 2020
Мархабат Байғұттың 7 томдығының тұсаукесері өтті
Түркістан облыстық Пушкин атындағы кітапханада елімізге кеңінен танымал жазушы-журналист Мархабат Байғұттың 7 томдық шығармалар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020
Түркістан: «Қамқорлық» мұқтаждарға көмек қолын созады
Түркістан облысында «Қамқорлық» жобасы жүзеге асырыла бастады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған жобаға сәйкес, өңірдің барлық аудан, ауылдарындағы көмекке мұқтаж жандар анықталып, оларға нақты көмек көрсетілуде.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2020
Түркістан облысы Келес ауданының Жолбасшы ауылында ерекшелеу кітапхана оқырмандарға тұрақты қызмет көрсетіп келеді. Алақандай ауылдың рухани ордасына айналған кітапханада 7 мыңнан астам кітап қоры бар.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2020
Түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуі тиіс
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов азаматтардың атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініштерін тағайындау барысымен танысу мақсатында Түркістан облысына келді. Жұмыс сапары кезінде министр облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевпен бірге тұрғындармен кездесіп, 1 қаңтардан бастап енгізілген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Арнайы жұмыс тобы Түркістан, Кентау қалаларының Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2020
Өмірзақ Шөкеев: Халықтың шын пейілінен шыққан алғыстан асқан баға жоқ
Түркістан облысында әкімдер ел алдында есеп бере бастады. Биылғы бұл жауапты міндет өзгешелеу өтпек. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мұндай жиындарға ескертпей келетінін мәлім етті.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2020
Әлеуметтік желі арқылы тараған аузы буылып, қол-аяғы байланған бала туралы жүрекке де, жүйкеге де салмақ түсірер бейнежазба жұртты бейжай қалдырмағаны анық. Қозғала алмай, шарасыз күйде отырған балаға қатысты жантүршігерлік жайт Сарыағаш ауданында орын алған. Осы бір келеңсіз оқиғадан бірнеше күн бұрын шымкенттік алты баланың анасы өзіне қол салған-ды.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2020
Суды үнемді пайдалануға жете көңіл бөлінбейді
Ерте көктемнен бастап ала жаздай еткен еңбек пен төккен тердің жемісін жинап, көңілін бір демдеп алған диқан қауым келер жылдың қамына кірісіп те кеткен. Жаздың қамын қыс ойла демекші, табысы мен шығынын есептей және ескере ендігі егістің жайын жоспарлап, керек-жарағын түгендеп жатқан шаруа үшін ылғалдың молдылығы да маңызды. Бұл орайда мамандардың берер кеңесі мен ұсынысы да ескеруді қажет етеді.
Медицина • 09 Қаңтар, 2020
Түркістан: медициналық ұйымдардың МӘМС жүйесіне дайындығы жоғары
Бірінші қаңтардан бастап толықтай күшіне енген МӘМС жүйесі шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамту деңгейі Түркістан облысы бойынша 91,6%-ды құрайды. Өңір халқының 8,4%-ы немесе 66652 адам «шартты түрде сақтандырылмаған» болып есептеледі, олар бойынша мәртебені өзектендіру жұмыстары жалғасуда. Облыс бойынша 114 денсаулық сақтау мекемесі тіркелген.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2019
Халқының саны 2 миллионнан асатын Түркістан облысында 86,6 мың көп балалы отбасы бар. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету барысында белгіленген нысаналы индикаторының бірі – күнкөріс деңгейінен төмен тұратын халықтың үлесі 16,5% болып белгіленген.