Қоғам • 21 Шілде, 2020
Түркістан облысындағы ауруханаларда 20 күнге жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар. Дегенмен бұл қор апта сайын толықтырылады. Яғни дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды. Мәселен, өткен аптада гуманитарлық көмек ретінде өңірге 48 мың дана қорғаныс киімдері мен қолғап келді. Одан кейін Өзбекстан мемлекетінен 100 млн теңгеге 1,5 млн құтыдан астам пандемияға қажетті дәрілер жеткізілді. Одан бөлек Алматы қаласынан 2 тонна дәрі-дәрмек келген. Олар ең әуелі облыстағы ауруханалар мен емханаларға таратылып берілуде.
Аймақтар • 20 Шілде, 2020
Сирек кездесетін жыртқыш құстар шайханадан табылды
Түркістан облысының полицейлері шайхана иесінен жыртқыш құстарды тәркіледі. Түлкібас аудандық полиция бөліміне табиғатты қорғау полициясының инспекторы Н. Мұздыбаевтан Азаттық кентіндегі шайханадан сирек кездесетін жыртқыш құстарға ұқсас бірнеше құс табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген аудандық полиция бөлімі қызметкерлері шайхананың иесі алты құсты ғимараттың ауласында заңсыз торда ұстағанын анықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Шілде, 2020
Кентаулық суретшінің қаланы көркейтуге қосқан үлесі
Кентау қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің сыртқы қабырғасына қазақтың ұлы тұлғаларының бейнесі салынуда. Алғашқы мурал - қоғам қайраткері, жазушы Сәкен Сейфуллиннің бейнесі алыстан менмұндалайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Шілде, 2020
Түркістан мен оңтүстік аудандардың арақашықтығы 120 шақырымға дейін қысқарады
Түркістан облысында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 364,4 шақырым. Биыл өңірде құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 541 нысан немесе 1 295,6 шақырым жол мен елді мекен көшелерін қамту көзделген. Жыл соңында 526 нысан немесе 1 015,9 шақырым жол пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Шілде, 2020
Қымыз бен дәрі тегін таратылды
Мамандар қымыздың иммунитетті көтеретінін, сондықтан әлемді дүрліктіріп жатқан коронавирусқа қарсы шараның бірі осы қазақтың ұлттық сусыны екенін айтуда. Саумалдың өз қасиеті, ашып үлгермеген қымыздың өз әсері, ашыған қымыздың өз ерекшелігі барын да ескертуде.
Аймақтар • 19 Шілде, 2020
Түркістан облысында 270 мобильді топ науқастарды үйіне барып емдеуде
Түркістан облысы бойынша емханалар жанынан COVID-19 және пневмония белгілері бар науқастарда ауруларының асқынуларын алдын алуға, ауруханадан шыққан соң бақылауда ұстау үшін құрылған 270 мобильді топ созылмалы аурулары бар пациенттерге де үйде қызмет көрсетуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Шілде, 2020
Өмірзақ Шөкеев: Түркістан тұрғындары ауызсумен толық қамтамасыз етілуі тиіс
Түркістан қаласында тұрғындарды орталықтандырылған ауызсу жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары 98,9% - ға орындалған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Шілде, 2020
Түркістанда “Өмір” және “Шипа” жобалары жүзеге асырыла басталды
Пандемия кезінде елге көмектесу мақсатында Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен "ӨМІР" және "ШИПА" атты 2 жоба басталды. Жаңа жобаны партияның "Jas Otan" жастар қанаты және облыстық "Жастар ресурстық орталығы" жанынан құрылған "Jas Turkistan" еріктілер қозғалысы үйлестіріп жүргізеді.
Аймақтар • 17 Шілде, 2020
Түркістанда өзі баққан малды ұрлап, сатқан бақташы ұсталды
Түркістан облысы Шардара ауданының тұрғыны сәуір айында қорадағы малын жергілікті бақташыға сеніп тапсырған. Үш ай өте малдарын санағанда едәуір бөлігі жоқ болып шыққан.
Аймақтар • 17 Шілде, 2020
Түркістанда селден зардап шеккен 42 отбасы тамызда жаңа баспанаға кіреді
Түркістан облысы Төлеби ауданында 13 мамыр күні қатты жауын-шашын салдарынан су арналары тасып, сел орын алған болатын.