Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
2061 материал табылды

Сұхбат • 13 Мамыр, 2021

Аман Төлеев: Қазақ жерінде жеті атамның сүйегі жатыр

Ресейлік саясаткер Аман Төлеевке қатысты дүбірлеп жететін, жадымызды жаңғыртып тұратын жаңалықтар саябырсып, ашығын айтқанда, оны ұмыта бастаған едік. Тегі қазақ, ресейлік ірі қайраткер осы жылдың 21 сәуір күні ngs42.ru порталы тілшісімен кездескен кезде бір кездері өзі көтерген, қолдаған азаматтардың жанынан алыстап кеткенін, жалғыз қалғанын айтып, қазіргі көңіл күйімен бөлісіпті. Осы сұхбатты оқыған соң әлеуметтік желілердің қазақ тілді сегментінде «Аман аға жалғыз қалыпты, елге шақырайық» деген пікірлер жариялана бастады. Тіпті оны елге көшіріп алып келуге дайын топтарды да байқап қалдық. Осы әңгіменің анық-қанығын білмек болып Кузбасс-Кемеровтегі Аман ағаның үйіне хабарласып, біраз тақырыптың басын қайырып тастадық. Сұхбаттасымыздың өзі өтінгеніндей, әңгімемізде саясаттан тыс тұрған мәселелердің бәрін қамтуға тырыстық.

Қазақстан • 13 Мамыр, 2021

Жерді жүйелі пайдаланбай, жайылым мәселесі шешілмейді

БҰҰ жер ресурстарын пайдалану жөніндегі мәліметі бойынша жыл сайын деградацияға ұшыраудан Қазақстан жерінің құны 936 млн, жылына 75 млрд доллар боларлық ресурстары жоғалады екен. Бір шаршы сантиметр топырақты қалпына келтіру үшін бірнеше мың жыл қажет екенін ескерсек, жер мәселесіне мән беретін кез жеткенін түсінеміз. Жалпы шет мемлекеттердің талайы топырақты ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлшегі ретінде қарастыруға көшкен.

Экономика • 12 Мамыр, 2021

Әлемдік экономика жаңа қатерге тап болды

Әлемдік экономика жаңа қатерге - демография мәселелеріне тап болды. Кейбір елдерде халық санының өсуі онжылдықта минималды деңгейге жетті, ал кейбір елдерде азаматтардың саны азайып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz  Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Экономика • 11 Мамыр, 2021

Биыл Қазақстандағы ІЖӨ өсімі 3,7 пайызға көтеріледі

Бұл туралы Fitch Ratings «Қазақстан: 2020 жылғы күйзелістерден шығу» презентациясында айтылған, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 06 Мамыр, 2021

Қазақстанда соғыс балаларының мәртебесі анықталды ма?

Соғыс ардагерлерінің қатары сиреп, балалық шағы соғыс жылдарына тура келген азаматтардың өзі 80 жасты еңсеріп қалды. Біз осыған дейін осы мәселені көтеріп, соғыс балаларының мәртебесін анықтаудың кезі келгенін жазғанбыз. Себебі  Қазақстанда кейбір посткеңестік елдерден айырмашылығы соғыс балалары ерекше мәртебеге ие емес және жәрдемақы алмайды. Балалық шағын соғыс ұрлаған азаматтар тыл ардагерлері санатында да емес.   Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов бүгін журналистермен кездескен кезде олардың соғыс ардагерлерімен теңестірілмеу себебін  түсіндірді, деп жазады Egemen.kz

Экономика • 06 Мамыр, 2021

Ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысымен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар бекітілді, деп жазады Egemen.kz .

Экономика • 05 Мамыр, 2021

Тоқтар Есіркепов: Экономика сегментіне елшілдік қажет

Жекешелендіру тарихын тәуелсіздік тарихынан бөле-жара қарай алмаймыз. Өткенге көз жүгіртсек, 1994 жылы 7 қараша күні Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің жалпы отырысында жекешелендіру науқанының алғашқы нәтижелері талданды. Экономика ғылымдарының докторы, профессор Тоқтар ЕСІРКЕПОВ осы жиында жекешелендіру науқанының барысы, алғашқы нәтижелері мен кемшіліктері жөніндегі тұжырымдамасын Үкімет пен Парламенттің назарына ұсынған еді. Экономист-ғалыммен әңгімеміз де осы төңіректе және қазіргі экономикалық ахуал жөнінде өрбіді.

Қаржы • 05 Мамыр, 2021

Қазақстанда цифрлық теңге сынақтан өтеді

Ұлттық банк Қазақстандағы валютаның осы түрін сынау үшін цифрлық теңге платформасын әзірлейді. Бұл туралы  бас банк дайындаған цифрлық теңге туралы есепте айтылған. Әзірге, Ұлттық банк бұл жүйенің артық-кем тұстарын зерттеп жатыр,  деп жазады Egemen.kz.

Қаржы • 05 Мамыр, 2021

Тағы бір банк елден кетті

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Пәкістан Ұлттық Банкі» АҚ-ны ерікті түрде таратуға рұқсат берді, деп жазады Egemen.kz.

Қаржы • 05 Мамыр, 2021

Басқарушы компаниялар қазақстандық зейнетақы ақшасын қайда инвестициялайды?

Басқарушы компаниялардың БЖЗҚ салымдарын қайда инвестициялайтыны, инвестициялық кірістің айлық, тоқсандық және жылдық мөлшері туралы ақпараттар бүгінгі күннің тренд тақырыбы.  БЖЗҚ өкілдері  журналистермен кездескен кезде Ұлттық Банктің басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелімен және басқарушы компанияларға берілген зейнетақы активтері портфелімен не болып жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz