
Қаржы • 08 Мамыр, 2022
Криптовалюта: Қауіп пе, мүмкіндік пе?
Блокчейн, криптоиндустрия сегменті де қазақ нарығына бейімделе бастады. Активтердің ішіндегі ең өтімдісі – биткоин. Оның бағасы теңгемен есептегенде 17 млн-нан асады. Сарапшылар ел ішінде біраз компаниялар криптовалютаны айырбас құралына айналдырғысы келетінін, бірақ құзырлы орындар мұны қаперге алмай отырғанын айтып жүр.
Экономика • 27 Сәуір, 2022
Ел экономикасы қайтсе жақсарады?
Қазіргі ішкі нарықтың жағдайы сан құбылып тұр. Оның алда қалай өзгеретіні де белгісіз. Нарыққа қысым іштен де, сырттан да төніп, қолдағы мүмкіндігімізді әртараптандыру қажет екені сезіле бастады. Бұл мәселе Алматыда «Сағадиев оқулары» шеңберінде «Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты: болмысы мен болашағы» тақырыбымен өткен халықаралық конференцияда кеңінен талқыланды.
Қаржы • 22 Сәуір, 2022
Доллар арзандады, тауар неге арзандамайды?
Қазір доллар арзандады. Бірақ баға шарықтап барады. Теңгенің ревальвациясы да азық-түлік бағасының арзандауына ықпал ете алмай отыр. Осыған байланысты сарапшылардың пікірі әртүрлі. Тіпті «Үкімет теңгені қолдан қоректендіру арқылы экономикадағы нақты жағдайды бүркемелеп отыр» деген күдік те бар қоғамда.
Қазақстан • 20 Сәуір, 2022
Жергілікті өзін-өзі басқару: Өзгеріс неден басталады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдегі саяси өзгерістердің бастауы азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқару ісіне тікелей қатысты екенін атап көрсетті. Яғни азаматтық қоғам өңірдегі сұрақтардан бастап жалпыұлттық сипаттағы мәселелерге дейін, яғни барлық деңгейде шешім қабылдауға дайын екенін көрсетулері қажет. Жаңа Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институтын қолға алу және дамыту өте маңызды екені түсінікті.
Экономика • 18 Сәуір, 2022
Биылғы сәуір айынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаны алудың шекті межесі өсті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БЖЗҚ-ның мәліметтерінде ең төменгі жеткілікті шек мөлшері әрбір жасқа жеке есептелетіні, болашақта зейнетақы төлемі мен зейнетақы жарнасының өсетіні (индекстелуі) айтылған.
Экономика • 11 Сәуір, 2022
Ресей ЕАЭО елдеріне астықты экспорттауға уақытша тыйым салуға шешім қабылдады. Аталған елдің экономикалық даму министрлігінің баспасөз қызметі таратқан деректе бұл шектеу осы жылдың 15 наурызынан 31 тамызға дейін қолданылатыны айтылды.
Экономика • 10 Сәуір, 2022
Бюджет пен мұнай арасында байланыс бар ма?
Мұнай бағасы қымбаттаса, Ұлттық қорға деген тәуелділік төмендейді. Үміт артқан осы жоспар тағы алыстап барады. Үкімет жиынында биылғы шығынды жабуға Ұлттық қордан 1,6 трлн теңге ақша алынатыны айтылды. Бұған дейін 2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру деңгейі 87,5 млн баррель болатыны жоспарланған еді. Ендігі меже 85,7 млн баррельмен шектеледі.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2022
Алматы ЖЭО–2 газдандыру жобасы нақтыланды
Алматы қаласы Экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділов бүгін журналистермен кездесуінде ЖЭО-2 газдандыру жобасы осы қарқынмен жалғасса, құрылыс белгіленген мерзімде аяқталмайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 01 Сәуір, 2022
Өтінімдерді қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты БЖЗҚ кері қайтарды
«Отбасы банкке аударылған біржолғы зейнетақы төлемдері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарыла ма?» деп көпті толғандырған сұраққа банк тарапынан жауап берілді, деп жазады Egemen.kz банк таратқан дерекке сілтеме жасап.
Экономика • 29 Наурыз, 2022
Қарапайым заттар экономикасы: Отандық өндірісті дамыта аламыз ба?
2018-2021 жылдарды қамтыған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аралық қорытындысын шығару жөніндегі мәселе қайта көтерілді. Жобаның о бастағы мақсаты ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз ету болатын.