
Экономика • 06 Ақпан, 2022
Несие «қамытын» кигендер көбейді
Қазақстанда несиеге «байланған» адам көп. Негізінде халықтың несиелену деңгейі экономикалық өсіммен қатар жүруі керек еді. Ал қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы экономикалық өсімнен асып түскен. Ұлттық банк жүргізген сауалдама нәтижесі экономикалық белсенді немесе кішігірім қызметте жүрген азаматтардың 90 пайызы айлық пен айлықтың арасында күн көретінін көрсеткен. Демек қазір жұртшылықтың қарызсыз өмір сүруі барынша шектелген.
Экономика • 30 Қаңтар, 2022
Банктердің экономиканы несиелендіруі – утопия
Елімізде банктер экономиканы несиелендіруге мәжбүр. Әсілінде, бизнес – дербес шешім қабылдауға тиіс субъектілер. Алайда экономикамыз шикізатқа бағдарланғандықтан банктер бизнес-жобаларды таңдап, оларға қарыз беруге міндетті. Бұл өз кезегінде банк капиталының нарықтық өлшемдерге сай болуына кері әсерін тигізіп, ел ішінде ұлттық инвесторлардың пайда болуын шектейді.
Экономика • 13 Қаңтар, 2022
Президент Парламент Мәжілісінде жасаған мәлімдемесінде азаматтармен қатар, бизнеске де қолдау көрсететінін, қираған дүниені қысқа мерзім ішінде қалпына келтіру керектігін атап өтті. Расымен еліміздегі жағдайға байланысты бизнес те шығынға батты. 12 қаңтардағы жағдай бойынша бизнеске келтірілген шығын көлемі 103,7 млрд теңгеден асты. Оның 102,2 млрд теңгесі – Алматының үлесінде. Ал осы миллиардтаған шығын көлемі қалай өтелмек? Мемлекеттің оған қауқары жете ме?
Сұхбат • 29 Желтоқсан, 2021
РФ Халық әртісі Чулпан Хаматова: Бақ пен сордың арасы бір-ақ қадам
Ресей киноиндустриясында аз ғана жылдың ішінде сүйкімді бойжеткеннен қоғамдық пікірдің көшбасшысы, мемлекет қайраткеріне айналған кино жұлдыздары өте сирек. Қараша айында Glamour журналының аудиториясы Чулпан Хаматованы Ресейдің «Жыл әйелі» сыйлығына лайық деп шешті. Актрисаға бұл марапат «Сахаров» деректі фильмі, «Ұлт театрында» қойылған «Горбачев» спектакліндегі Раиса Горбачеваның рөлі мен «Өмір сыйла» қайырымдылық қоры үшін берілді. Біз Мәскеудегі Чулпанмен хабарласып, құттықтап, әңгімеге тарттық.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2021
Алматының дамуы әртараптандырылады
Аlmaty Investment Forum-2021 қаланы дамыту, агломерация, урбандалу және цифрлы трансформацияның басым бағыттары мен құралдарын талқылауға басымдық берді. Жиында белгілі болғандай, енді Алматы экономикасы «мега-қала», «поли-сити» және «метро-қала» айналасында дамиды.
Экономика • 23 Қараша, 2021
Жеке қосалқы шаруашылық: Ірілене ме, біріге ме?
Қазіргі таңда елімізде 1 636,2 мың жеке қосалқы шаруашылық бар. Олар 2020 жылдың соңына қарай жалпы сомасы 2,6 трлн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты. Бұл салада 3,5 миллионнан астам адам жұмыс істейді, олар табыс деңгейі төмен азаматтар санатына жатады. Шаруашылықтарда қордаланған мәселе де көп. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке қосалқы шаруашылықтар туралы бөлек заң болуы керегін ерекше тапсыруы да сондықтан.
Аймақтар • 10 Қараша, 2021
Қазақ халқының дара тұлғасының құрметіне ұйымдастырылған салтанатты жиында Димекеңнің «Ақиқаттан аттауға болмайды», «От Сталина до Горбачева» деген мемуарлық жинақтары ресми түрде таныстырылды.
Экономика • 06 Қазан, 2021
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн режімде шағын несие беру ережесіне өзгерістер енгізілетінін жұртшылыққа хабарлады.
Туризм • 27 Қыркүйек, 2021
Гуннар Гарфорс: Саяхат санаға сілкініс әкеледі
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Норвегияның азаматы Гуннар Гарфорс. 37 жасында әлемнің 198 елін аралап, 19 елді бір тәулік ішінде басып өтіп, Гиннес рекордын жаңартқан жиһанкез.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2021
101 жастағы кейуана онлайн санақтан өтті
Бала тәрбиесі мен қоғамдық еңбектерден де тасада қалмаған аяулы аналардың бірі – Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Бәйтерек елді мекенінің тұрғыны Забира Смаилова. Ауылдық округ мамандарының көмегімен Забира әжейдің әулеті халық санағына онлайн тіркелді, деп жазады Egemen.kz .