Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
210 материал табылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 18 Наурыз, 2025

«Наурыз жұмыскермен» бірге армандар орындалады

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жұмысшы маман­дықтары жылы» аясында Үкімет техникалық мамандарды қолдау шараларын мемлекеттік деңгейде жүргізе бастады.

Бизнес • 14 Наурыз, 2025

Бизнес пен мемлекеттің синергиясы маңызды

«CFO Summit» дәстүрлі басқосуында сарапшылар орнықты әрі инновациялық экономиканы қалыптастырудағы технологияның, банк секторы мен венчурлік капиталдың рөлі туралы пікір алмасты.

Несие • 14 Наурыз, 2025

Несие – әрі көмек, әрі тәуекел

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) банктер мен микро­қаржы ұйымдарында 21 жасқа дейінгі және 55 жастан асқан клиенттер тұтынушылық кредит алуға өз келісімін беретін жүйені енгізуді жоспарлап отыр.

Өшпес даңқ • 07 Наурыз, 2025

Керчті қорғаған қаһарман

Біз мектепте жүргенде Мүсілім Нүсеновті батыр дейтінбіз, ал әкелеріміз арғы аталарынан бақ пен құт дарыған, қазақ­тың әр руында кездесетін қаракөк тұқымның бірі Мамай байдың бауырына басқан немересі деп қарайтын.

Өндіріс • 28 Ақпан, 2025

Тұрмыстық химия өндірісінің табысы

Ел көлемінде жүз шақты кәсіпорын сусабыннан бастап тұр­мыстық химия өнімдерінің жүздеген түрін шығарады. Жақында солардың біріне барып, өндірісті өз көзімізбен көріп қайттық.

Қаржы • 27 Ақпан, 2025

Ақша базасы азайды

Ұлттық банк қаңтар айында айналымдағы ақша базасын 4,1%-ға азайтып, 594,3 млрд теңгені «жұтып қойды». Реттеуші сайтында жарияланған құжатта көрсетілгендей, бір айда ақша базасы 14 трлн теңгеге дейін төмендеді.

Салық • 27 Ақпан, 2025

ҚҚС: Нарыққа балық емес, қармақ керек

Қосылған құн салығы мөлшерлемесінің қым­баттауына қатысты әлі нақты шешім айтыл­ған жоқ. Әуелде 20 пайыз делінген мөлшерлеме кейін 16 пайыз меже­сінде белгіленетін се­­кіл­ді. Ұлттық экономи­ка министрі Серік Жұманғарин өткен аптада Алматыға келген сапарында 16 пайызға да дайындық бар екенін айтты. Министрдің айтуынша, инфляция қазіргі деңгейден 3-3,5 пайыздан аспауы керек. 20 пайыздық деңгейдегі индексация жағдайында 800 млрд теңге керек еді. Бірақ бюджетке кіретін қаржы одан да көп. Қазір 16 пайыздық деңгейдегі керек қаржы – 600-650 млрд теңге. Қысқасы, Үкі­метте осыған де­йін ай­тылып келген 16-20 па­йыз жағдайын­д­а қан­дай шешім қабыл­дау қа­жеттігіне бағдар беретін карта бар. Одан төмен­гі пайызда жағдайымыз­дың қандай болатынын айқындайтын карта әлі ашылған жоқ.

Экономика • 26 Ақпан, 2025

Қымбат теңге халыққа қажет болғанмен, нарыққа қажет емес

Әлсіз валюта саясаты экспорттық кірістер жоғары болғанша өзектілігін сақтайды. Теңге рубльдің нығаюына қарамастан тұрақты әлсіздігін сақтап отыр және теңгенің нығаюы Ұлттық банктің басымдықтарына кірмейді.

Теңге • 26 Ақпан, 2025

Теңге бағамын алтын күшейте ме?

Қаржы секторындағы жағдай аумалы-төкпелі. Былтыр күзден бері теңге бағамы жайлы аймақтан шығып, 8%-ға құнсызданды. Осыған дейін бұл мәселені интервенция арқылы шешіп келген Ұлттық банк енді теңгені алтынның күшімен қуаттандырмақ.

Өндіріс • 26 Ақпан, 2025

Жергілікті тауардың үлесі жоғары

Жиһаз өндірісі озық технологияларды енгізуімен ерекшелене бас­тады. Инновациялық материалдар мен смарт технологияларды пайдалану жиһазды бірегей және сұранысқа ие етеді. Бас кеңсесі Алматыда орналасқан «ДСП Центр» кәсіпорны жиһаз өндірісінде смарт технология­ны қолданысқа енгізген компания­лардың алғашқы үштігіне кірген.