
Саясат • 18 Мамыр, 2023
Демонополизация һәм мемлекеттік монополия
Жақында Алматыда Еуразиялық монополияға қарсы 9-форумда мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы және бизнес өкілдері бәсекелестікті қорғау және монополияға қарсы реттеу мәселелерін тағы да талқылады. Қатысушылар монополияға қарсы заңнаманы бұзу туралы дауларды қарау тәжірибесімен бөлісті, алдын алу шаралары және тәуекелдерді азайту туралы әңгімелесті. Доминант компаниялардың баға белгілеу мәселесі және аграрлық сектор нарығындағы бәсекелестікті дамыту және қорғау тақырыбы көтерілді. Осы форумға қатысқан Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі Бақыт Сұлтанов бәсекелестікті қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтып берді.
Пайдалы қазбалар • 11 Мамыр, 2023
Сәуір басында Дүниежүзілік алтын кеңесі ақпан айындағы жаһандық алтынды сату және сатып алу туралы мәліметтерін жаңартты. Олардың мәліметінше, «2023 жылы ақпанның соңында Ресейдегі алтын қоры 2330 тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың қаңтар айының соңындағы көрсеткіштен 31 тоннаға артық. Бес жыл ішінде Ресей алтын қорын айтарлықтай арттырды. Бұл стратегияның дұрыстығы дағдарыс кезінде айқын көрінді. Ресей банкі рубльді қолдауға бағытталған валюталық интервенцияларға қарамастан алтын-валюта қорын сақтап қалды». Біздің ел соңғы 10 жылда алтын-валюта резервіндегі алтынның үлесін арттыруға басымдық беріп келді. Бірақ өткен жылдан бастап алтынды сатып алу емес, сатуға басымдық бергені байқалады.
Қаржы • 11 Мамыр, 2023
Зейнетақы реформасының келесі қадамы
Еліміздің зейнетақы жүйесі көптеген метаморфозадан өтті. 1990-2015 жылдар аралығында зейнетақы жүйесі реформаның шамамен бес кезеңін артта қалдырды. Сонымен қатар «қайта жүктеу» мәселесі қайтадан пісіп, бұрынғы барлық өзгерістің тиімділігіне күмән келтіреді. Жеке зейнетақы қорларынан БЖЗҚ түріндегі мемлекеттік монополияға айналдық. Сарапшылар арасында «мәселе ұйымдық формада емес, макроэкономикалық ортамен байланысты», деген пікірдің бәсі басым бола бастады.
Қаржы • 10 Мамыр, 2023
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы елдің жиынтық бюджетіне түсетін салық түсімдерінің өсу қарқыны бес есе төмендегенін хабарлады.
Қоғам • 05 Мамыр, 2023
Қазақстанда салық түсімдерінің динамикасы бәсеңдеді
Қазақстан Республикасының жиынтық бюджетіне түсетін салық түсімдерінің өсу қарқыны бес есе төмендеді. Мұндай деректерді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 05 Мамыр, 2023
Жаңа экономикалық сын-қатерлер
Алматыда Ұлттық банкінің «Ақша кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық сын-қатерлер» тақырыбында ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Басты тақырып – инфляцияны таргеттеу моделі, яғни 2025 жылдан бастап инфляцияны 3-4 пайыз дәлізіне бағыттау төңірегінде пікір алмасты.
Экономика • 03 Мамыр, 2023
Жаңа экономикалық саясат: басым бағыттар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте макроэкономикалық саясатты өте байыпты жүргізу керектігін ескертті. Бюджет тапшылығын, мемлекет қарызын, Ұлттық қордан аударылатын трансфертті және басқа да макрокөрсеткіштерді реттеу қажеттігін қаперге салды. «Талай жылдан бері жалғасып келе жатқан осы мәселені түпкілікті шешетін уақыт жетті» деп кесіп айтты Мемлекет басшысы.
Қаржы • 01 Мамыр, 2023
Қаржыңызды қай валютада сақтайсыз?
Қазіргі уақытта «ақшаны қайда салған тиімді» деген сұраққа жауап іздеген Ұлттық банк Қазақстанда инвестициялау үшін қолданысқа көптеп енген қаржы құралдарының 2022 жылғы номиналды кірістілігін талдады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 27 Сәуір, 2023
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің Т.Қожакеев атындағы мәжіліс залында белгілі журналист, ұстаз-ғалым, дипломат Гүлсім Еңсепованың «Ұшқыр қалам» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Алматы • 27 Сәуір, 2023
Сейсмикалық қауіпсіздік селқостықты кешірмейді
Сейсмология институтының мәліметінше, 2018-2022 жылдары Алматыда 2 мыңнан астам жер сілкінісі болған. Олардың аумақтық таралу сипатына қарағанда, негізгі сейсмикалық белсенділік қаланың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жиірек байқалады екен. Әзірге мамандар жер тербелісінің нүктесін, орнын және уақытын алдын ала болжай алмайды. Қолдан келері жерасты, жерүсті тербелістерінің динамикасын тұрақты түрде бақылаумен шектеліп отыр.