Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
2117 материал табылды

Мәселе • 01 Қараша, 2024

Монополиядан арылудың амалы қандай?

«The Diplomat» басылымы Қазақстан экономикасының ірі секторлары толығымен мемлекеттің, шетелдік компаниялар мен бизнес-элитаның бақылауында екенін, өзгелеріне артықшылығы аз секторларда ғана орын бар екенін, ішкі жалпы өнімнің 76%-ы солардың уысында шоғырланғанын жазады. Қазіргі уақытта өндіру және өңдеу саласының (мұнай, газ және металдарды қоса алғанда) 29%-ы, сауда саласының 16%-ы, банк ісі және жылжымайтын мүлік саласының 12%-ы, байланыс саласының 11%-ы, құрылыс саласының 6%-ы, энергия саласының 2%-ы монополистердің қолында.

Экономика • 31 Қазан, 2024

Нарықтың жаңа форматына өтетін кез келді

2020 жылдан бастап әлемдік ритейлерлердің көбі онлайн сегментке басымдық бере бастады. Чат, видео, тікелей трансляция және әлеуметтік желілердегі сатып алулармен эксперимент жасады. Бұрын жеке сатуға сүйенген компаниялар цифрлық технологияларды қазіргі, жаңа ауди­торияны қамту құралы ретінде мойындады. Бізге де нарықтың жаңа форматына өтетін кез келді. Транзиттік мемлекет болғандықтан, көршілеріміз біздің елді тартымды нарық деп мойындайды. Бұл туралы Алматыда өткен ХХ Сауда әлемі конвенті жиынында ұйымдастырушы Елена Сарғалдақова айтты.

Мәселе • 30 Қазан, 2024

«Орта табыс тұзағынан» қалай шығамыз?

Бұл мәселе соңғы 20 жылда дамушы елдердің экономикалық эволюциясы туралы пікірталастың ең танымал тақырыбына айналды. Табысың аштан өлтірмейді, бірақ одан әрі жағдайыңды көтеруге мұршаң жоқ. Орта табыс тұзағына шырмалып жүрген экономикалық белсенді азамат зейнетке шыққанда табысы ортадан төмен кедей топтың қатарын толықтырады. «Орта табыс тұзағынан» шығу қажеттілігі №1 стратегиялық міндет ретінде қарастырылған. 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының өзегі де осы бағыт.

Digital • 25 Қазан, 2024

Цифрлық экожүйелер ықпалдастығы

Сарапшылардың айтуынша, электронды коммерция және цифрлы технология сегментінің ішкі жалпы өнімдегі (ІЖӨ) үлесі 2%-ға, табыс 2,44 трлн теңгеге жеткен. Нарық бірер жылдан бері ғана өсім беріп жатыр. Негізгі сатылым маркетплейстерде жүзеге асып, сауда қарқыны 126%-ға ұлғайған. Электронды коммерцияның дамуына финтехтегі өзгерістер тікелей әсер етті. 2023 жылы онлайн транзакциялар 84%-ға артып, саудадағы орта чек 26,8 мың теңге болды. Бұл туралы Алматыда өткен «Kursiv Ecosystems Forum»-да айтылды.

Оқиға • 23 Қазан, 2024

Алматыда Республика күніне арналған конференция өтті

Алматы қаласының Достық үйінде өткен «Елімнің еркіндігі – менің мақтанышым» атты конференцияда тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері талқыланды. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, сарапшылар және жастар қатысты,  деп жазады Egemen.kz.

Сараптама • 23 Қазан, 2024

KASE «Мосбиржа» құпиясын аша ала ма?

Өткен аптаның соңында Қазақстан қор биржасы мен Мәскеу биржасы (МОЕХ) арасындағы ұзаққа созылған келіссөздердің соңғы нүктесі қойылды. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлей­меновтің айтуынша, Мәскеу биржасын Қазақстан қор бир­жасы (KASE) акционерлерінің құрамынан шығару туралы тү­бе­гейлі шешімді қос тарап та (Қазақстан мен Ресей) қолдады.

Кәсіпкер • 18 Қазан, 2024

Косметика нарығының мүмкіндігі

Осыдан 5 жыл бұрын белгілі кәсіпкер, косметика индустриясы маманы Гүлшаш Әубәкірқызы Алматыда тұңғыш рет отандық «AG cosmetics» өнімдерін таныстырды. Бұл өнімдердің басты ерекшелігі – тек табиғи қоспалардан тұрады. Бастапқыда 12 түрлі косметикалық өнім шығарса, қазір оның саны 15-тен асты.

Өндіріс • 17 Қазан, 2024

Кәсіптің көзін тапқандар

Алматы қаласы Медеу ауданындағы «Novus Polymer» ЖШС терезе мен есік жүйесіне арналған ПВХ профильдерін өндіруде Орталық Азиядағы ең ірі өндіріс ошағы – «Galwin» зауытына иелік етеді. Бүгінде «Galwin» брен­ді – отандық нарықта жетекші орында. Компа­ния бұдан бөлек, «ROSSI», «Vitro», «Verde» сауда белгі­лерімен ПВХ профильдерін, терезе тақтайшасын, есік өндіреді.

Қаржы • 16 Қазан, 2024

Қатар инвестициясы қаржы нарығына қалай әсер етеді?

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен «Lesha Bank LLC» (Public) «Bereke Bank» АҚ акцияларының 100%-ын сату жөніндегі мәміле­нің аяқталғанын жариялады. «Бәйтерек» холдингі «Bereke Bank»-ті бұ­рын­ғы акционер – ресейлік «Сбербанктен» 2022 жылдың қыркүйегінде са­тып алған еді. Қыркүйектің соңында банк басшылығына Андрей Тим­чен­ко келіп, жаңа командаға қаржылық жағдайды қалыпқа келтіру тапсырылды.

Әлем • 14 Қазан, 2024

Адамзат келесі пандемияға дайын емес

Covid туралы ақпаратымыз толыққанды деп ойлайтындар қателеседі.  Жаһандық дайындық мониторингі адамзат  келесі пандемияға дайын емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы The Telegraph хабарлады, деп жазады Egemen.kz.