Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1861 материал табылды

Экономика • 27 Сәуір, 2019

Ұлттық банк қазақстандық банктердің жұмысын тексерді

Ұлттық банкте 2019 жылғы бірінші тоқсанда екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың іс-әрекеттерінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар туралы айтылды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз бөлімі.

Экономика • 26 Сәуір, 2019

Несие пайызы төмендеуі мүмкін бе?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке 2019 жылы орындалуы тиіс міндеттердің бірі ретінде несиелендіру пайызын төмендетудің тетіктерін талдауды және экономиканы қаржыландыру құралдарын жетілдіруді тапсырғаны белгілі. Сарапшылардың бір тобы ең арзан займның өзі экономиканы несиелендіруді ынталандыра алмайтынын айтады.

25 Сәуір, 2019

Рестораторлар темекі тартуға арналған орындарға тыйымның салынуына қарсы

Қазақстан рестораторлары қауымдастығының темекі тартуға арнайы бөлінетін орындарға тыйым салу шарасына қатысты ұстанымы айқын, олар бұл шара темекі тартатын адамдардың құқын бұзады және бизнестің мемлекетке деген сеніміне нұқсан келтіреді, деп санайды.

Аймақтар • 25 Сәуір, 2019

Алматыда Жұмыспен қамту орталықтарын жаңғырту мәселелері талқыланды

Алматыда Қазақстан Республикасы Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін жетілдіру бағытында жүргізілген жұмыстың қорытындысына арналған семинарлар өтті.

Саясат • 25 Сәуір, 2019

Анкарада Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы таныстырылды

Анкара қаласында Еуразия экономикалық қарым-қатынастар қауымдастығы (ЭкоЕуразия), Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер қауымдастығы (MİSİAD) және Қазақстанның Түркиядағы Елшігі ұйымдастыруымен «Түркия-Қазақстан экономикалық қарым-қатынастары және инвестициялық мүмкіндіктері» атты жиын өтті.

Руханият • 25 Сәуір, 2019

VIII республикалық Құран байқауы өтеді

ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен 26-27 сәуір күндері Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран байқауы Алматы қаласы Орталық мешітінде, ал жарыс жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау кеші 28 сәуір күні сағат 10:00-де Алатау дәстүрлі өнер театрында мәдени бағдарламамен өтеді.

24 Сәуір, 2019

Ош түркі жұртынан жиналған делегаттарды қабылдады

Жиында түбі бір түркі жұртын қалай жақындастырудың жолдары талқыланып, Ош қаласының өзіндік ерекшелігі таныстырылды.

Қазақстан • 23 Сәуір, 2019

БЖЗҚ: 82 млрд теңге қайда кетті?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 82 млрд теңге жоғалды. Алыпқашпа сөз деп алғашында мән бермеген оқиғаны factcheck.kz порталы растады. Тіпті қайда кеткенін қолмен қойғандай түсіндіріп берді. Зейнетақы салымының динамикасындағы өзгерістерге «68,8 млрд теңге – валюта бағамындағы өзгерістерден, 12,3 млрд теңге құнды қағаздардың бағасын асыра бағалағандықтан жоғалған» деген баға берілді. Олар сонымен бірге қордан қаржының кенеттен жоқ болып кету жайттары жылдың алғашқы екі айы үшін қалыпты құбылыс екенін айтады. 2017 жылдың алғашқы екі айында 89,4 млрд теңге, 2018 жылы 75,9 млрд теңге кем шыққан. Ол кезде бұл жағдайға ешкім мән бермеген көрінеді. Сарапшылар да қор ішіндегі инвестициялық динамикадағы өзгерістерді қалыпты жағдай деп қабылдапты.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Алматыда «Ислам әлеміндегі татуластық» бастамасын көтерген жиын өтті

Бүгін Алматыда «Ислам әлеміндегі татуластық бастамасы: ИЫҰ мемлекеттеріндегі бейбітшілік пен шиенелістерді реттеу мүмкіндіктері» атты халықаралық семинар өтіп жатыр.

Әлем • 22 Сәуір, 2019

Әлем қартая бастады

Жер бетінде өмір сүріп жатқан қарт адамдар саны балаларға қарағанда алғаш рет көбейді. Біріккен ұлттар ұйымы осындай мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Информ-UA.