
Экономика • 07 Наурыз, 2024
Баға өсімі баяулады: Құрылыс компаниялары демін ішіне тартып отыр
Былтырдан бері баспана нарығындағы баға өсімі баяулай бастады. Мемлекеттің тұрғын үй нарығынан шығуға ниет танытуы, соған байланысты жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар санының шектелуі нарық бағасына әсер етті дейді сарапшылар.
Өндіріс • 06 Наурыз, 2024
Осыдан тоғыз жыл бұрын өндіріс ашу идеясы Махамбет Асабаевтың ойына кездейсоқ келген жоқ. Бірнеше жыл бойы мұнай-газ, тау-кен және құрылыс кәсіпорындары үшін импорттық жұмыс киімдерін, аяқкиімдерін және жеке қорғаныс құралдарын жеткізумен айналысты. Негізі, алып-сату бағыты. Нарықты егжей-тегжей зерттеген кәсіпкер жұмысшы қолғабына сұраныс артқанмен, өндірісіміз жолға қойылмағанын түсінді.
Қаржы • 22 Ақпан, 2024
Қаржы нарығы Ұлттық банктің базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімін күтіп, іштен тынып тұр. Ұлттық банк ақпан айында базалық мөлшерлемені сәл төмендетуі мүмкін деген пікірлер осыған дейін айтылған. Ертең, 23 ақпанда Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін қабылдайды. Қазіргі мөлшерлеме – 15,25%. Әзірге сарапшылар арасында төмендейді деген болжамға басымдық берген пікірлер көбіректеу.
Инновация • 04 Ақпан, 2024
Отандық инновация жетістіктері көрсетілді
Жыл сайын өтетін «Digital Almaty» форумы аясында озық цифрлық жобалар көрмесінде цифрландыру саласындағы отандық жетістіктер ұсынылды. Пленарлық сессия алдында көрмемен Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның үкімет басшылары танысты.
Экономика • 03 Ақпан, 2024
Еуразиялық Агроэкспресс Үндістан мен Иранға дәліз ашты
ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында «Еуразиялық Агроэкспресс» жеделдетілген теміржол және мультимодальды тасымалдау бойынша бірлескен жобасын іске асыру жалғасып жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 03 Ақпан, 2024
IT технологияның жетістіктері таныстырылды
«Digital Almaty-2024» алтыншы халықаралық цифрлық форумы алаңында болашағы зор стартаптар, бизнес өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен шетелдік сарапшылар бас қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Ақпан, 2024
Интеграцияланған ақпараттық жүйені кезең-кезеңмен көшіруге назар аударуымыз керек - Никол Пашинян
Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің пленарлық отырысында Армения Премьер-министрі Никол Пашинян 2023 жылы Арменияның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 39%-ға өсіп, шамамен 7,8 млрд долларды құрағанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 03 Ақпан, 2024
5G желілерін дамытудың мақсаттары мен тәсілдері айтылды
«Freedom Telecom» ұялы байланыс операторының басшысы Қайрат Ахметов «Digital Almaty» форумындағы панельдік сессияда сөз сөйлеп, компанияның Қазақстандағы 5G желілерін дамытудағы мақсаттар мен тәсілдер туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2024
Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіруге жәрдемдесу туралы Меморандумға қол қойылды
Алтыншы жыл сайынғы «Digital Almaty 2024: Х Индустриясы – Болашақтың цифрлық эволюциясы» халықаралық форумының алаңында Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіруге жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) атқарушы дирекциясы мен Freedom Holding Corp. арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға салтанатты түрде қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 02 Ақпан, 2024
Жасанды интеллектінің экономикаға ықпалы айтылды
«Digital Almaty» пленарлық отырысында РФ премьер-министрі Михаил Мишустин жасанды интеллектіні енгізуден алынған экономикалық дамуға ықпалы 1 триллион рубльге жеткенін, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 10 триллионнан асатынын айтты.