Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
202 материал табылды

Банк • 13 Наурыз, 2024

«Bereke Bank»-ке Қатар «құда түсіп» жатыр

«Bereke bank»-ті (бұрынғы «Сбербанк Қазақстан») сатуға дайындық жүріп жатқаны, сатып алушы Қатардағы «Lesha Bank» инвестициялық банкі екені ақпан айының екінші жартысында белгілі болды. Оның алдында, 2023 жылдың екінші жартысынан бастап әлеуетті инвесторлар ретінде Қатар мен Грузия бизнесмендері аталды. Еуропалық қайта құру және даму банкі де қызығушылық танытты. Біздің банкті сатып алудан үміттілердің арасынан топ жарып шыққан «Lesha Bank» та осал емес. 2008 жылы құрылған. Бұрын «Qatar First Bank» брендімен жұмыс істеген. «Lesha Bank» инвестициялық банкі бизнестің түрлі саласына – медицина, бөлшек сауда, мұнай-газ секторына инвестиция құйған.

Алматы • 13 Наурыз, 2024

Алматы: Сейсмикалық аудит қалай жүреді?

Алматыны осы мәселе алаңдатып отыр. 2023 жылдың ақпанында Алматы әкімі Ерболат Досаев соңғы рет сейсмикалық аудит 2017-2018 жылдары өткенін, 2023 жылдың екінші жартысында және 2024 жылдың алғашқы жартысында қаланың жаңа сейсмикалық аудитін бастайтынын айтқан. Әкім сол кезде қаланың сейсмикалық зондтауы ескерілмеген бір шаршы метрі жоқ екенін, Абай даңғылынан жоғары орналасқан үйлердің бәрі 10 балл, төмен орналасқандары 9 балл жер сілкінісіне төтеп беретінін де алматылықтардың есіне салған.

Ауыл • 12 Наурыз, 2024

Бөлінген қаржы ауылға жетпейді

Ауылды көтеруге бағытталған бағдарлама мен құжаттардың саны көбейген сайын салада шешілуге тиіс мәселенің де көлемі ұлғайып әрі күрделеніп бара жатқандай. Сарапшылар ауылға бөлінген қаржы қолжетімді әрі тиімді болуы үшін Агробанк керек дегенді біраздан бері айтып жүр.

Қаржы • 11 Наурыз, 2024

Сақтандыру саласының жаңалықтары

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова сақтандыру нарығының қатысушыларымен секторды қадағалау саясатының 2024 жылға арналған басымдықтарын талқылау бойынша кездесу өткізді. Кездесу Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы өкілдерінің, сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры басшыларының, сондай-ақ сақтандыру омбудсманының қатысуымен өтті.

Сараптама • 11 Наурыз, 2024

Е-commerce «мінез-құлқы» өзгерді

2019-2022 жылдардағы коронавирус пандемиясы бүкіл әлемде электронды коммерцияның дамуын жеделдетті. Сарапшылардың пікірінше, e-commerce нарығының географиялық шекарасы жоқ. Халықаралық сарапшылардың болжамынша, 2026 жылға қарай B2C жаһандық нарығы 8,2 триллион доллар болады. Қазір ол әлемдік бөлшек сауда айналымының 5,7 трлн доллар немесе 19% деңгейінде (Оңтүстік Кореяда – 28%, Қытайда – 27,2%, Ұлыбританияда – 26,5%, АҚШ-та – 14,6%).

Қаржы • 06 Наурыз, 2024

Ұлттық рейтинг агенттігі керек

Адам үшін де, мемлекет үшін де жеңіске ұмтылуды қалыптасқан табиғи заңдылық деп түсінуге болады. Қазір әлем бойынша үздіктерді анықтайтын көптеген рейтинг бар. Әр елдің экономикалық һәм әлеуметтік ахуалына қатысты көзқарас рейтинг агенттігінің бағасымен қалыптасады. Осындайда дербес ұлттық агенттіктің қажет екені де анық сезіледі.

Қаржы • 05 Наурыз, 2024

Зейнетақы жинағы тиімді басқарыла ма?

Кейінгі бірер жылда «жеке басқарушы компаниялар зейнетақы жинақтарын қалай басқарады?» деген мәселе күн тәртібінен түскен емес. Үкімет пен Ұлттық банк (ҰБ) үшін де бұл тақырып өзекті. Ақпан айының екінші онкүндігінде Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Үкіметтің әлеуметтік блогі (БЖЗҚ) қаражатты алудың табыстылығын қамтамасыз етуді қатаң қадағалайтынын айтқан.

Инфляция • 01 Наурыз, 2024

Инфляция иірімі

Үкімет пен Ұлттық банк (ҰБ) инфляция дең­гейін жыл аяғына дейін 6-8 пайызға дейін тө­мен­детеміз деп жос­парлап қойған бола­тын. Қаңтар айын­да инфля­ция 9,5%-ға баяу­­лады. Сонда мақсат­ты дәліз­бен қазіргі жағ­дайды үш пайыздық айыр­ма­­шы­лық бөліп тұр. Тәуелсіз сарапшылар қазіргі қар­қын­­ды сақтай алсақ, межелеген 6-8 пайыз­ жыл­­­дың үшінші тоқса­нында қолжетімді болады дейді.

Қаржы • 28 Ақпан, 2024

Үкілі үштік: Үміт пен күдік

Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында банк секторындағы негізгі мәселелердің бірі жоғары шоғырлану екенін атап өткен еді. «Сондықтан осы саладағы бәсекелестікті арттыру мақсатында шетелдік сенімді үш банкті елге тарту керек» деді. Содан бері 5 ай өтті.

Қаржы • 20 Ақпан, 2024

Халықты қарызға батырған қай ұйым?

Әдетте азаматтар қаржылық мәсе­лесін шешу үшін банктің немесе микроқаржы ұйымының (МҚҰ) көмегіне жүгінеді. Бұл ретте көбі микроқаржы мекемесін таңдайды. Оған екі себеп бар. Бірі – көп жағдайда екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) ірі көлемде ғана қарыз береді. Екіншісі – онсыз да банк қарызына белшеден батқан тұтынушы оған тағы баруға беттемейді. Қазір ха­лық­тың қаржы ұйымдары алдын­да­ғы қарызы «қызыл сызықтан» аттап кетті. МҚҰ мен дәстүрлі қар­жы ұйымдарының уәжі бір-бірін кінәлаудан әрі аспай тұр. Қарыз болса өсіп барады.