Руханият • 14 Мамыр, 2024
Бес күн, бес түн немесе қаламгердің бір сыры
Шығармашылық адамына ең керегі – еркіндік. Ой еркіндігі. Құдай тағала болмысына байлап берген осы бір қасиетті сөзі мен ісіне, өмірлік ұстанымына әдемі әрімен сіңіре алған қалам иесі даралана біледі. Сондай бағыт ұстап, қуатты қаламымен журналистикаға қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан публицист-жазушы, аудармашы, баспагер Талғат Айтбайұлының өмір белесіне үңілгенде қайсар жанның келбетін көреміз.
Сұхбат • 14 Мамыр, 2024
«Qazaqsha Jaz» – үлкен қозғаушы күш
«Qazaqsha Jaz» – мемлекеттік тілдің мерейін асырып, қолданыс аясын кеңейтуге қомақты үлес қосып жүрген қоғамдық ұйымның бірі. Миллиондаған тұтынушысы бола тұра, желідегі парақшаларын қазақ тілінде жүргізуді қораш көрген қаншама ұжымды тәубесіне түсірген бұл қозғалыс әлеуметтік желідегі жүйелі жұмысы арқылы үлкен қозғаушы күшке айналып келеді. Біз аталған қозғалыстың өкілі әрі бастамашысы Жалғас ЕРТАЙДЫ әңгімеге тартқан едік.
Қоғам • 03 Мамыр, 2024
Заңсыз ойын бизнесінің зардабын жоюға бағытталған түрлі шара қолға алынғанымен, жымысқы әрекетін жасырын түрде жүзеге асыратындар азаматтарды сан айламен арбайтын болған. Тірнектеп тапқанын құмар ойынға құрбан қылғандардың дені – жастар. Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті былтырдан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша 18 қылмыстық іс қозғаған. Осыған байланысты 14 адам сотталып, бірқатар қылмысқа қатысты әлі де тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Халық • 01 Мамыр, 2024
Еліміз зайырлы мемлекет ретінде қазақ жеріндегі түрлі этностардың еркін өмір сүріп, дәстүрі мен мәдениетін, тілі мен ділін сақтауға еш шектеу қойған емес. Алматыдағы Достық үйінің дәнекер болуымен олар ұдайы бас қосып, түрлі іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған. Миллиондар тоғысқан мегаполис – қаншама ұлт пен ұлысты бөле-жармай бауырына басқан киелі тұрақ.
Айбын • 24 Сәуір, 2024
Әскери ғылымды дамытудың маңызы
Құрлық әскерлерінің әскери институтында Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Жәдігер • 12 Сәуір, 2024
Қанекеңнен қалған қастерлі мұра
Өмірін өнегемен өрген тұғырлы тұлғалардың артына қалдырған рухани мұрасынан бөлек, тіршілігінде тұтынған бұйымдары мен жеке заттары да кейінгілер үшін қастерлі мұра. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіндегі академик атымен аталатын шағын музей ғибратты ғұмыр иесінің өмір тынысынан сыр шертетін бірегей орын.
Тұлға • 04 Сәуір, 2024
Қазақ ән әлемін өмір бойы зерттеп-зерделей жүріп, «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді», деп тебіренген Александр Затаевичтің ұлттық музыка өнеріне сіңірген еңбегі өлшеусіз. Мемлекеттік Орталық музейде дарынды композитордың туғанына 155 жыл толуына арналған «Қазақ ұлттық музыкасының майталманы» атты мәдени кеш өтіп, мазмұнды іс-шара «Дала әуенінің ізімен» деп аталған танымдық көрмеге ұласты.
Жемқорлық • 02 Сәуір, 2024
Жемқорлықтың жолын кесу маңызды
Қоғам дамуын тежейтін қолайсыздықтың бірі – жемқорлық. Президент пәрменімен өңірлерде жемқорлыққа итермелейтін проблемаларды талдау ісі қолға алынғаны белгілі.
Руханият • 20 Наурыз, 2024
«Ақ желкен» республикалық балалар мен жасөспірімдер журналының наурыз айындағы саны Наурыз мейрамына және Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналды.
Қоғам • 19 Наурыз, 2024
Ерекше қажеттілігі бар жандарды жан-жақты қолдау – қоғамға ортақ міндет. Алматыда мұндай санаттағы 58 мыңнан аса адам өмір сүріп жатыр десек, олардың 9 мыңы – балалар. Әрбір азамат еркін дамуға, оқуға, жұмыс істеуге мүмкіндік ала отырып, өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі маңызды.