Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1671 материал табылды

Университет • 16 Қаңтар, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 90 жыл

Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толып отыр. Осы датаға орай университетте мерейтойлық жылдың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024

ҚазҰУ-да гальваникалық қаптамалар шығаратын өндіріс ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің 90 жылдық мерейтойы аясында университет базасында химиялық гальваникалық қаптамалар шығаратын Chemical Coating innovations ғылыми-өндірістік орталық ашылды, деп жазады Egemen.kz. 

Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023

Ясауи мұрасы ұлықталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және түркі халықтарының рухани әлемі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тағылымды шараны ҚазҰУ мен Халықаралық түркі академиясы бірлесіп ұйымдастырды.

Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023

Алматыда студенттік жатақхана мен орталық стадион пайдалануға берілді

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде күрделі жөндеуден өткен №3 студенттік жатақхана мен оқу орнындағы орталық стадион пайдалануға берілді.

Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2023

ҚазҰУ-да үш жатақхананың құрылысы басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әрқайсысы 1 060 орындық, жалпы 3 180 орынға арналған заманауи үш жатақхана құрылысының іргетасын қалау рәсімі өтті. ҚазҰУ қалашығы құрылысының ІІ кезеңі аясында салынғалы жатқан жатақханалар 2024 жылдың күзінде аяқталады.

Әдебиет • 08 Желтоқсан, 2023

Профессор Нұржамал Оралбайқызы атындағы дәрісхана ашылды

Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбайқызының туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ тіл білімі және оқыту әдістемесі: дәстүр және болашағы» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтіп, профессордың атында дәрісхана ашылды. Айтулы шара Тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіру орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 26 Қараша, 2023

АҚШ-тан жеңіспен оралды

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS оқушылары АҚШ-та өткен «Yale Tournament of Champions-2023» жаһандық академиялық сайыстың жеңімпазы атанды.

Форум • 23 Қараша, 2023

Инклюзивті қоғамның мүмкіндігі

«Теңдік ұрпағы» және «БҰҰ-әйелдер» құрылымының өңірлік кеңсесі «Еуропа мен Орталық Азиядағы цифрландыру үдерісін жеделдету: әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру мақсатындағы инновациялар мен технологиялар саласындағы серіктестік» тақырыбында форум өткізді.

Ғылым • 22 Қараша, 2023

Математиканы модельдеу маманы

Болыс Сәбитбек – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің түлегі. «Болашақ» бағдарламасымен Атлантада Georgia Institute of Technology магистратурасында аэроғарыш инженериясы мамандығы бойынша білім алған. Heidelberg Laureate Forum грантының жеңімпазы. Қазіргі кезде Лондондағы Queen Mary университетінде ғылыммен айналысып, постдокторантурада сабақ беріп жүр.

Алматы • 20 Қараша, 2023

Тамақ сапасын тексереді

«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты­ жас­­тарды анықтау және қолдау орталы­ғын­да тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомство­ара­лық сараптама тобының отырысы өтті.