Экология • 15 Қаңтар, 2024
Маңғыстауда орнитолог мамандар тапшы
Ақтау маңындағы Қаракөл – еліміздегі қорғалатын орнитологиялық мекендердің бірі. Бұл көлге сан мыңдаған құс қонып, осында қыстап қалады. Жылда Қаракөлге құстың 175-тен аса түрі келеді. Уақытша аялдайтын құстар да бар. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген құстың түрі – 21.
Шаруашылық • 04 Қаңтар, 2024
Балық шаруашылығы – Маңғыстауда кең қанат жаймаса да, өзіндік тыныс-тірлігі бар сала. Өңірдегі 169 балық бригадасында 811 балықшы бар. Балық аулауға арналған 33 аймақ Түпқараған мен Қарақия аудандарында орналасқан. Балық шаруашылығында түйткілді мәселе де бар. Сол себепті өңірдегі балықшылар мәселелері, саладағы кадр тапшылығы өңірлік кәсіпкерлер палатасында арнайы ұйымдастырылған семинарда талқыланды.
Қазақстан • 31 Желтоқсан, 2023
Жаңа жыл қарсаңында күллі еліміз, соның ішінде маңғыстаулықтар үшін сүйінші хабар жетті. Адай жылқысы асыл тұқым мәртебесін алып, осы құжатпен қазақтың бренді ретінде дүниежүзіне танылатын болды. Бұл мәселе «Egemen Qazaqstan» газеті бетінде 2012 жылдан бері бірнеше мәрте көтерілді. Ал 2022 жылы 13 қазанда адай жылқысын ұлттық бренд ретінде тану күн тәртібіне шығарылды. Артынша Маңғыстауға сапармен келген Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев адай жылқысын ұлттық бренд ретінде тануды жүзеге асыру бойынша мамандарға тапсырма берді.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2023
Ақтау қаласындағы NIS мектебінің оқушылары Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапханада «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар шеруін өткізді.
Еңбек • 06 Желтоқсан, 2023
Түйе жүнінен ұлттық киім тігеді
Ақтауда «Jadagay» ұлттық брендінің түйе жүнінен сырт киімдер тігетін цех пен сән үйі ашылды. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту маңыздылыққа ие болғандықтан, киім тігу таң емес. Бірақ Ақтаудағы цехтың өзгелерден айырмашылығы – экологиялық таза шикізатты тұтынуы.
Аймақтар • 20 Қараша, 2023
Маңғыстау медицинасына тәжірибелік көмек
Қарашаның 6-10 аралығында Маңғыстау облысында Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері өтті. Мамандардың айтуынша, бұл іссапардағы іс-шаралар Қазақстанның өңірлеріне жаңа медициналық білім мен технологияларды енгізуге, халыққа медициналық көмек көрсетуге, ішкі медициналық туризмді дамытуға, сондай-ақ ғылыми және клиникалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.
Қоғам • 13 Қараша, 2023
Қаршадайынан ауыл-аймаққа шеберлігімен, суретшілігімен танылған Алдаберген тағы топ жарды. Ағаштан, матадан, тері мен жүннен, темірден неше түрлі бұйым жасайтын оған сүйектен ойып кәдесыйлар жасау, сақина-сырға, өзге де бұйымдар дайындаудың еш қиындығы жоқ. Бейнеу ауданының Сарға ауылында тұратын, осындағы Әліби атындағы мектепте еңбек пәні бойынша сабақ беретін шебер жігіт бұл жолы біз үшін аты азаптың, қиындықтың лебіндей есіп-естілетін Магаданға барып топ жарып, 1-орын алып оралды.
Қоғам • 10 Қараша, 2023
Бүгінде аудан, қала, облыстың бәлен жылдығы деген мерейтойлар көп. Мұндай мерейтойлар аясында атқарылатын іс-шаралар – бірнеше бетке жүктелген жоспар, ала шапқын болған орындаушыларға үйіп-төгілген тапсырма. Ал шындығына келгенде, той өткеннен кейін ізі де қалмайтын іс-шараларға бөлінген қаржы, кеткен уақыттың бәрі зая.
Баға • 02 Қараша, 2023
Маңғыстау облысы: Жағдай тұрақты
Маңғыстау облысы – сұйытылған газдың ірі тұтынушысы. Ай сайын өңірде 18 мың тонна шамасында газ пайдаланылады. Жаңаөзен қаласындағы «Қазақгазөңдеу зауыты» ЖШС айына 17 мың тонна газ өндіріп ішкі нарықты қамтамасыз етсе, қалған 1 мың тонна газ қосымша «Атыраумұнайөңдеу зауыты» ЖШС-нан алынады.
Экология • 02 Наурыз, 2023
Маңғыстаудағы «Қошқар ата» қалдық қоймасы қашан және қандай себептерден пайда болды, аталған көлдегі улы қалдықтардың тұрғындар денсаулығына зияны қаншалықты? Осы тақырыптар төңірегінде газет бетінде бірнеше рет мәселе көтердік.