Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3414 материал табылды

Спорт • 16 Қазан, 2022

Үздіктер көшіне қосыла алмады

Дзюдодан Ташкентте өткен әлем чемпионаты аяқ­тал­ған бетте IJF рейтингі қайта жаңартылды. Бұл жарыста Қазақстанның ерлер құрама командасы мүшелері арасынан ең үздік нәтиже көрсеткен Елдос Сметов екені белгілі. Аса жеңіл салмақта күрескен ол қола медальді мойнына ілді. Соның арқасында қандасымыз бірден 22 сатыға жоғарылап, қазіргі кезде 16 орынды иеленуде.

Спорт • 12 Қазан, 2022

70 жыл күттірген жүлде

Осыдан дәл 40 жыл бұрын, яғни 1982 жылдың 12 қазанында әлемдік спорт тарихында айрықша бір оқиға болды. Атап айтсақ, Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) АҚШ-тың әйгілі жеңіл атлеті Джим Торпқа 1912 жылы Стокгольм Олимпиадасында жеңіп алған екі бірдей алтын медалін қайтарып берді. Саңлақтың өзі ертеректе қайтыс болғандықтан, бұл жүлделер оның отбасы мүшелеріне табыс етілді. Осылайша, арада 70 жыл өткен соң әділдік орнап, ғаламдық доданың алтындары заңды иесіне қайтарылды. Ал сол спортшы жайында біз не білеміз?

Спорт • 09 Қазан, 2022

Тұңғыш

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты бел ортадан асты. Әзірге «Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп жатыр» деп айтуға барлық негіз бар. Өйткені жарыстың алғашқы күні қоржынымызға қос жүлде түсті. Оны аса жеңіл салмақтағы Әбиба Әбужақынова мен Елдос Сметов жеңіп алды.

Спорт • 07 Қазан, 2022

Жүлденің ауылы алыс емес

Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні екі салмақ дәрежесі бойынша бәсекелер өтті. Татамиге Қазақстанның үш балуаны шықты. Солардың екеуі жүлделі орындар үшін таласу мүмкін­дігіне ие болды.

Спорт • 06 Қазан, 2022

Эквадорға күресті де, көкпарды да үйретіп жүрмін – дейді еркін күрестен аталған елдің ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Думан Бөлтіріков

Қазіргі кезде спорттың қай түрінде де қазақ мамандарына сұраныс жоғары. Соның арқасында бірқатар азаматымыз әлемнің әр қиырында жемісті еңбек етіп жүр. Солардың бірі – Думан Бөлтіріков. Кезінде аса ауыр салмақ дәрежесінде күш сынасқан қазақ балуаны бүгінде Оңтүстік Америка құрлығында жаттықтырушылық қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, осыдан тура сегіз ай бұрын ол еркін күрестен Эквадор ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Жуырда онымен әңгімелесудің сәті түсті.

Спорт • 06 Қазан, 2022

Дамир Арманмен айқасады

Аралас жекпе-жектен UFC-де өнер көрсетіп жүр­ген қазақтың ұлы Дамир Исмағұлов өзі­нің келесі жекпе-жегін­де Ре­сейдің на­мысын қорғай­тын армян спортшысы Ар­ман Ца­рукянмен күш сы­на­са­ды. Бұл бәсеке 18 жел­тоқ­­сан­да АҚШ-тың Лас-Ве­гас қа­ласында өтеді деп бел­гіле­ніп отыр.

Спорт • 04 Қазан, 2022

Көңіл құлазытқан көрсеткіш

Волейболдан Нидерланд пен Польшада өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы кезеңі аяқталды. С тобындағы Қазақстан құрамасы аталған мемлекеттердің Арнем және Лодзь қалаларында өнер көрсетті. Өкінішке қарай, барлық кездесуінде ойсырай ұтылған жерлестеріміз жарыс кестесінде ең соңғы орында қалып қойып, өз жанкүйерлерін жерге қаратты.

Спорт • 03 Қазан, 2022

Денис Теннің турнирі Алматыда өтеді

Осыған дейін Астанада өтіп келген Қазақстанның атақты мәнерлеп сырғанаушысы Денис Тенді еске алуға халықаралық турнир Алатау баурайына қайта оралды. Аталған жарыстың жалауы биыл 26-29 қазан аралығында Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде желбірейді.

Спорт • 02 Қазан, 2022

Ташкент татамиіндегі тартыс төрткүл дүниенің теңдессіздерін анықтайды

6-13 қазан аралығында Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбірейді. 12 500 көрерменге есептелген «Хумо Арена» көпсалалы спорт кешенінде өтетін жарыста 120-дан аса мемлекеттен келген 600-ге тарта балуан күш сынасады деп күтілуде. Әдеттегідей олар 15 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Спорт • 30 Қыркүйек, 2022

Квочкинді еске алады

Футболдан осы аптаның аяғында өтетін Қазақстан Премьер-лигасының XXI тур ойындары еліміздің белгілі аяқдоп шебері Сергей Квочкинді еске алуға арналады.