Спорт • 31 Қазан, 2022
Бұл күндері теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық сайыстарына қызу даярлануда. Аталған жарыстың жалауы 8-13 қараша аралығында Шотландияның Глазго қаласында желбірейді. Әлемнің ең үздік 12 командасының қатысуымен өтетін дәстүрлі турнирде жерлестеріміз алғаш рет бақ сынамақ.
Спорт • 27 Қазан, 2022
Қыздар да көш бастауды көздейді
Екі аптаға созылатын бәсекелер барысында Cары құрлықтың ең үздік командаларымен қатар, Қазақстанның былғары қолғап шеберлері де өнер көрсетеді. Біздің жігіттер осы жарыстың жалпы есебінде бірінші орын алуды көздесе, қыздарымыз да дәл сол межеден көрінуді мақсат тұтады.
Спорт • 21 Қазан, 2022
Әлемнің ең белді ұйымы UFC-де күш сынасып жүрген Қытайда туып-өскен қандасымыз Мақсат Қайсар өзінің келесі жекпе-жегін 17 желтоқсанда өткізеді.
Спорт • 21 Қазан, 2022
Теннистен Мексиканың Гвадалахара қаласында өтіп жатқан турнирдің алғашқы айналымында Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Каролина Плишкованы ұтқан еді.
Спорт • 21 Қазан, 2022
Бұл күндері Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы (U-23) әлем біріншілігін Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері бір ғана жүлдемен қорытындылады.
Спорт • 20 Қазан, 2022
Кәсіпқой рингтегі өзінің үшінші жекпе-жегін Абылайхан Жүсіпов 5 қарашада АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өткізеді.
Спорт • 20 Қазан, 2022
Грузияның Батуми қаласында садақ атудан ерлер мен әйелдер арасында өткен халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
Спорт • 20 Қазан, 2022
Мұхиттың арғы жағалауындағы жарыстар
Бұл күндері әлемнің бірқатар мемлекетінде теннистен аса ірі халықаралық турнирлер өтіп жатыр. Ал Қазақстанның ойыншылары мұхиттың арғы жағалауында өнер көрсетуде.
Спорт • 19 Қазан, 2022
20 қазан – атағы алысқа тараған Анатолий Храпатыйдың туған күні. Спорттағы биік белестердің барлығын бағындырған даңқты ауыр атлет қапияда қаза таппағанда, қазіргі кезде асқаралы 60 жылдық мерейтойын атап өтер едік. Алайда 2008 жылдың 11 тамызында сұм ажал абзал азаматты арамыздан жұлып әкетті. Ол небәрі 44 жыл ғұмыр кешті.
Спорт • 19 Қазан, 2022
26 қазанда Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында спорттық гимнастикадан әлем чемпионатының шымылдығы түріледі. Аталған жарысқа Ресей мен Беларусьтен басқа мемлекеттерден келген мықтылардың барлығы қатысады. Солардың қатарында Қазақстанның ұлттық құрама командасы да бар. Бір аптаға созылатын бәсекелер барысында әдеттегідей барлығы 12 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.