Спорт • 15 Наурыз, 2023
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының үшінші туры басталды. Алғашқы бес ойын Алматы, Шымкент, Қызылорда, Қостанай және Астана қалаларында өтті.
Спорт • 15 Наурыз, 2023
Қазақстанның теннисшісі Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өтіп жатқан жүлде қоры 8 800 000 АҚШ долларын құрайтын WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.
Спорт • 15 Наурыз, 2023
31 наурыз бен 2 сәуір аралығында Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Гранд Слэм турнирінің жалауы желбірейді.
Спорт • 14 Наурыз, 2023
20 мамырда Таразда кәсіпқой бокстан халықаралық турнир өтеді. Сол жарыста Қазақстанның танымал былғары қолғап шебері Фируза Шәріпова да өнер көрсетеді.
Спорт • 14 Наурыз, 2023
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде Қазақстанның бірінші және әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина сәтті өнер көрсетіп жатыр.
Спорт • 14 Наурыз, 2023
Мбаппенің құны – 180 миллион еуро
Немістердің Transfermarkt порталы әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімін жариялады. Олардың көшін Килиан Мбаппе бастап тұр.
Спорт • 13 Наурыз, 2023
Қазіргі кезде Қазақстанда шорт-трек айтарлықтай дамып келеді. Әлем кубогінің кезеңдік сайыстарында, Дүниежүзілік Универсиадада, бірқатар халықаралық және құрлықтық жарыстарда жүлделі орындарға ілігуіміз осы сөзіміздің айқын дәлелі. Сол секілді Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында да тәуір өнер көрсетіп жүрміз. Бірақ аталған соңғы үш байрақты бәсекеде жерлестерімізге жеңіс тұғырына көтерілу бақыты бұйырмады.
Спорт • 13 Наурыз, 2023
Әзербайжанның астанасы – Бакуде спорттық гимнастикадан Әлем кубогінің кезеңдік сайысы аяқталды.
Спорт • 13 Наурыз, 2023
Көркем гимнастикадан Испанияның Марбелья қаласында өткен Гран-при додасында Елжана Тәниева табысты өнер көрсетті.
Спорт • 12 Наурыз, 2023
Жуырда ғана аралас жекпе-жектен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жарыста жергілікті спортшы Джефф Нилді үшінші раундта «қылқындыру» әдісімен жеңген Шавқат Рахмонов UFC-дің жаңартылған рейтингінде бірден үш сатыға жоғарылады. Жартылай орта салмақта (77 кило) күш сынасып жүрген қазақтың қайсар ұлы қазіргі кезде алтыншы орынды иеленіп отыр.